Аршавиннің әйеліне қатысты үш бірдей қылмыстық іс қозғалды

19 ақпан 2018 14:17 968 рет қаралды


Алматылық «Қайраттың» ойыншысы Андрей Аршавиннің әйеліне қатысты қазақстандық модельді қорқытты деген күдікпен үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл оқиға футболшының түнгі клубта Ольга Семенованы құшақтаған видеосынан басталған еді. Мәлімет бойынша, Аршавиннің әйелі өзін ФСБ қызметкері ретінде таныстырып, «саусақтарыңды кесем», «есірткімен ұстаймын» деп қорқытқанын айтқан. Модель құқық қорғау органдарына арыз жазып, болған оқиғаны көпшілікке жария етті. 

«Расымен ушығып тұр. Үстімнен үш ауыр бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейін әлі ұзақ, әзірше тексеріс жүріп жатыр. Ол қызбен сөйлескім келмейді, ол пиарды қалады және дегеніне жетті», – деді Аршавина. 

Дереккөз: 24.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.