Қырғызстанда жедел жәрдем ақылы болады

9 ақпан 2018 16:53 1909 рет қаралды


Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында жедел медициналық қызметті ақылы ету ұсынысы талқыланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ИА «24.kg» басылымына сілтеме жасап.

Міндетті медициналық сақтандыру қорының басшысы Марат Қалиевтің айтуынша, сырқат адамдарды тасымалдауға көп ақша жұмсалады.

«Тасымалдауды ақылы қылатын уақыт келді. Әрине, жедел жәрдем тегін болып қалатын азаматтардың бөлек тобы болады. Шетелде ешкім жедел жәрдемді «бостан-босқа» шақырмайды. Өйткені қалтасынан ақша шығарғысы келмейді», - деді Марат Қалиев.

Ол жаңа жүйені аймақтардан бастауды ұсынды. Өйткені ол жақтарда шақырту аз. Оның ұсынысын денсаулық сақтау министрі Талантбек Батырәлиев қолдады. Министр қолдауын денсаулық сақтауға үнемі ақша жетпей жатады деген себеппен түсіндірді.

Дереккөз: Baq.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.