Тайваньдағы жер сілкінісі: 2 адам мерт болып, 200 адам жарақаттанды

7 ақпан 2018 09:33 1045 рет қаралды


Хуалянь қаласында орналасқан Marshal қонақ үйінен 29 адам сыртқа шыға алмай отыр. Барлығы бес ғимарат қирап, 567 үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Тайвань аралында болған жер сілкінісі кезінде кемінде екі адам мерт болып, 188 тұрғын зардап шекті. Жарақат алғандардың кейбіреуі ауыр халде жатыр. Мұнымен қатар, Marshal қонақ үйінен 29 адам сыртқа шыға алмай, 567 үй жарықсыз қалды. Сондай-ақ, қала мен жағалауды байланыстыратын ірі көпірлердің бірі қирады.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін аталған аймақтан 21 км қашықтықта жер сілкініп, магнитудасы 6,4 балл деп бағаланды. Апаттың ошағы 9,4 км тереңдікте орналасқан.


Дереккөз: Baq.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.