Үндістанда қауіпті инфекцияның тарауына байланысты туристерге ескерту жасалды

5 ақпан 2018 17:27 1002 рет қаралды


Мемлекеттің орталық аймағында кьясанур орман ауруының инфекциялары тарап жатыр. Аталған инфекция кене арқылы жұғады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kp.ru сайтына сілтеме жасап.

Ресей билігі туристерге Үндістанның орталық аймағында қауіпті инфекция тарап жатқанын айтып ескерту жасады. Дәлірек айтсақ, кьясанур инфекциясы Махараштра штаты Синдхудуруг округінің үш ауылында тіркелді.

«2016 жылдың қаңтары мен 2018 жылдың қаңтары аралығында осы ауруға шалдыққан 332 адамның бар екені анықталды. Олардың 19-ы қайтыс болған. Биыл қаңтарда қанша адамның бұл ауруға шалдыққанын Үндістан билігі құпия сақтап отыр», - делінген ведомство хабарламасында.

Дәл қазір билік аталған аудандарда тұратын тұрғындарға вакцина салып, емдеу шараларын жүргізіп жатыр. Ресей билігі туристерден осы жағдайды ескеруді өтінді.

Дереккөз: Baq.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.