АҚШ-та 40-қа жуық бала тұмаудан көз жұмды

28 қаңтар 2018 15:33 733 рет қаралды


АҚШ-тың бүкіл штатында тұмау белең алып, 37 баланың өліміне әкеп соқты, деп хабарлайды РИА Новости.

Үкімет жанындағы дерттің алдын алу және бақылау орталығының (CDC) хабарлауынша, тұмау 39 штатта таралып, Пуэрто-Рикода да адамдар жаппай шалдыққан. 

"Балалар өлімі бұдан да артады деп ойлаймыз, бұрын да осындай жағдай болған", — деп хабарлады CDC басшысы Дэн Джерниган.

Оның пікірінше, бұл тұмау эпидемиясы үш жыл бұрын болған эпидемияға ұқсайды. Сол жолы 34 миллион адам ауырып, 56 мыңы қаза тапқан еді. 

Дереккөз: sputniknews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.