Балықпен айналысқан төртеу "қармаққа" түсті

18 қаңтар 2018 14:04 4111 рет қаралды

Видеодан алынған кадр

16 қаңтар күні Атырау облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ұзақ уақыт бойы бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулаумен айналысқан 1981, 1983, 1985 және 1987 жылы туған Атырау қаласының төрт тұрғынын ұстады.

- Атырауда және Исатай ауданы Жанбай ауылында күдіктілерді тінту кезінде бекіре тұқымдас балық  пен уылдырық табылды. Сонымен қатар байда және "казанка" қайықтары  мен аулау құралдары тәркіленді,- дейді Атырау облысы ІІД баспасөз-хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА.- Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Фархат ӘБІЛОВ

Бейнежазбаны Атырау облыстық ІІД ұсынды



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.