​Болгария алдағы 6 айда Еуроодаққа төрағалық етеді

12 қаңтар 14:39 506 рет қаралды


Еуроодақ Румен Радев Енді 30 маусымға дейін олар ұйымның жұмысын үйлестіріп, бағыт-бағдарын айқындайтын болады. Төрағалықтың басталуына орай ел астанасы София қаласында салтанатты шара ұйымдастырылды.

Оған Еуроодақтың негізгі үш институтының басшылығы қатысты. Яғни Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер, Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск және Еуропарламент спикері Антонио Таяни бар. 

Шара барысында сөз алған Болгария президенті елді Шығыс пен Батысты байланыстырып тұрған көпір екенін атап өтті. 

Румен Радев, Болгария президенті: 

- Еуропалық одақ қиын сәттерді бастан өткеріп жатқан тұста төрағалық етіп отырмыз. Ең бастысы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Көші-қон және терроризм мәселесінде Еуроодақтағы ықпалды көршілерімен тығыз қарым-қатынас орнатуымыз қажет.

Айта кетейік, алдағы жарты жылда Софияда 300-ден астам ресми шара өтеді. Оның 30-ына Еуропа елдерінің басшылары қатысады. 

Оған қоса Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу процесіне Болгария арағайындық жасайды. 

Сонымен қатар Еуроодақтың алдағы жеті жылдық, яғни 2021 мен 2027 жылдарға арналған қаржысын жоспарлаудың жобасы әзірленеді. 

Сарапшылардың айтуынша, ресми София Шенген аймағының толыққанды мүшесі болуға талпынады. Болгарияның төрағалығы тұсында Еуроодаққа мүше аймақтағы елдердің даму мәселелері талқыланып, ортақ қорғаныс

Дереккөз: 24.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.