​Ереуілдеген барлық кенші шахталардан шықты - "АрселорМиттал Теміртау"

15 желтоқсан 2017 09:28 777 рет қаралды


Ереуілдеген кеншілер мен "АрселлорМиттал Теміртау" басшылығы қандай келісімге келді? Қарағанды облысында ереуілдеген барлық кенші шахталардан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АрселорМиттал Теміртау" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"АМТ" АҚ өкілдерінің хабарына қарағанда, шахтерлер жер бетіне 14 желтоқсанда сағат 23.46-да шыға бастаған.  Сондай-ақ, "Тентекская" мен "Шахтинская" шахталарынан кеншілер 00:00-де шыға бастады. Сағат 00.11-де барлығы шықты. Ленин атындағы шахтадан барлық шахтер 00.18-де жер бетіне көтерілді. Енді "Казахстанская" шахтасынан 3-4 көтермені шығару қалды, әр көтермеде 50-80 адамнан бар. Қалғандарының барлығы шықты", - деді "АМТ" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Зүлфира Мұхамедиярова. 

Сағат түнгі 1.00-ге таман барлық кеншінің жер бетіне көтерілгені және олардың жағдайы қанағаттанарлық екені хабарланды.




Дереккөз: tengrinews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.