Жемқор тергеушіге үкім шықты

25 қазан 2017 10:04 2130 рет қаралды


Атырау облысы Индер аудандық соты пара алды деп айыпталған полиция офицеріне үкім шығарды. АІІБ аға тергеушісі А.Б. аудан тұрғыны Н.А.-ның бұзақы баласына қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтату үшін одан 60 мың теңге талап еткен.

Полицейді жемқорлықпен күрес қызметкерлері көрсетілген соманың жартысын алып жатқан кезінде ұстады. Сот А.Б.-ны ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша («Қорқытып алу жолымен пара алу») кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен қатар 4 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасын тағайындады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.