Маршруттан кетті

26 қыркүйек 2017 21:30 1550 рет қаралды
"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде Атырау облысының прокуроры Ернат СЫБАНҚҰЛОВ тасымалдаушылардың жеңілдік жасалған топтан (оқушылардан, мүгедектерден және т.б.) жол ақысын талап етіп, тіпті оларды автобусқа кіргізбей, азаматтардың құқықтарын бұзғандығы туралы мәлімдеді.

Мәселен, №6 маршрутта автобус кондукторы тегін жолаушыны алғысы келмей, баланы салонға кіргізбеген. 3 күннен кейін үйлестіру кеңесінен кейін осы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушымен шартты бұзу туралы шешім қабылданды. Қалған тасымалдаушыларға мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеу керектігі туралы ескертілді.

Дегенмен, мұндай оқиғалар жаппай болып тұрады. Әлеуметтік желілер кондукторлардың балаларын салонға кіргізбейтіндігіне наразы ата-аналардың посттарына толы. Әр тасымалдаушының оқушыларды тасымалдайтын өз ережелері бар. Біреулері бір жол жүрісінде салон ішіне 2 баладан артық мінгізбейді. Екіншісі тек 7 жасқа дейінгі балалар ғана тегін жүреді, ал 7-ден 14 жасқа дейінгі балалар жолақының 50% -ын, ал 15 жастан бастап ересектер секілді төлейді дейді.

- Қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес, оқушылар сабақ кезінде тегін жүруге құқылы. Бұл ережені ешкім жойған жоқ. Бір жол жүрісінде балаларды тасымалдау лимиті де жоқ. Жексенбі күні және каникулдарда балалар жолақысын толықтай төлейді, - дейді «Смарт Атырау» КМК орталық диспетчерлік қызметінің бастығы Нұрлан ТҰРЛАНОВ.

Айтпақшы, №6 маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдау тендерін «АйсТрансХолдинг» ЖШС ұтып алды, алайда тасымалдаумен оның қосалқы мердігерлері – шағын ЖК-лер айналысады. Заң бұзушылықтар үшін «Саханов» ЖК қызмет көрсетуден шеттетілді, алайда маршрутта тағы 8 ЖК қалды. Сондықтан маршрут автобуссыз қалған жоқ.

Ал №7 маршруттың жолы болмады. «Атырау такси» ЖШС табыс түспейтіндіктен бұл маршрутқа қызмет көрсетуден бас тартты. Химпоселке тұрғындарына үйлеріне немен барып келетіні, енді олардың өз шаруасы.

- Біз «Атырау такси» ЖШС-ін өз міндеттемесін орындаудан бас тартқаны үшін сотқа береміз. Ал әзірге «АйсТрансХолдинг» ЖШС-мен №6 маршрутты ұзарту мәселесін келісіп алғымыз келеді. «Алтылыққа» жолай  Химпоселкеге соғып шығуына болады , - деді Тұрланов проблеманың шешу жолын айтып. Әділдік үшін ол №7 маршрутқа бірде бір тасымалдаушының қызмет көрсеткісі келмейтінін атап өтті.  Бұл ауданда жеңілдік топтары – зейнеткерлер, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар көп, сондықтан олар кәсіпкерлер үшін онша тиімді емес.

- Неліктен жергілікті билік көмектеспейді, мәселен, тасымалдаушыларға демеуқаржы бөлу түрінде. Бұл ауданның тұрғындары да салықтар төлейді, көрсетілетін қызметтерге құқылы емес пе?

Тұрлановтың айтуынша, демеуқаржы әлеуметтік маңызды маршруттарға бөлінеді екен. Дегенмен,  бұл маршрут та осы анықтамаға сай келеді, бірақ оны әкімдік шешеді ғой. «2017-2022 жылғы Атырау қаласының қоғамдық көлігін дамыту» және электронды билет енгізу тұжырымдасы түбегейлі әзірленгенше бұл мәселе шешілмейді. Тұжырымдама қабылданғаннан кейін конкурс өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде №7 маршрут та бар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА           


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.