Қазақстанда 2019 жылы барлығына міндетті болатын 0-сынып енгізіледі

22 қыркүйек 2017 14:44 1447 рет қаралды


2019 жылдан бастап Қазақстанда 0-сыныпқа бару міндетті болады, деп хабарлады ҚР Білім министрі Ерлан Сағадиев.

"2019 жылы біз 0-сыныптарды енгіземіз: 0+11, яғни 12-жылдық білім беруге жүйесіне өтеміз", — деді Сағадиев сенаттағы парламент тыңдауында. 

"Бұл барлық балаларға міндетті болады. Ол жерде 25 минутқа созылатын екі немесе үш сабақ болады. Қазіргі мектеп алды даярлықтың реті тәрізді", — деп мәлімдеді министр.

Ол, мектеп алды даярлық жүйесінде Қазақстан бойынша біркелкі бағдарлама қабылданып, мемлекет арнайы оқулықтар шығарады, деп атап өтті.  

Оған қоса, министр: "Бала бірінші сыныпқа барған бала ол сол бірінші сынып бағдарламасына дайын болуы керек. Бүгінде бірінші сыныпқа келген балалардың 85% оқи алады, олардың30% шапшаң оқиды. Олардың шамамен 75% санауды біледі, ал шамамен 15% балалар екі таңбалы сандармен жұмыс жасай алады.  Осылардың қатарында оқу білмейтін 15% балалар сыныпты артқа тартады. Бұл мұғалімге өте қиын", — деді.

Сағадиевтің айтуынша, осылайша бірінші сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің білім деңгейі бірдей болады.

Дереккөз: Sputniknews.kz 


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.