​Пәкістан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас нығайып келеді

28 тамыз 2017 15:36 813 рет қаралды

Ал ресми Вашингтон мен Исламабад арасындағы қарым-қатынас күрт нашарлап кетті. Бұған АҚШ үкіметіне қарсы өткізіліп жатқан шерулер дәлел. Ал Қытайдың Пәкістанға ықпалы күшейіп келе жатыр. 

Трамптың мәлімдемесінен кейін Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Пәкістанға қатысты кереғар пікір айтты. Оның сөзінше, керісінше Пәкістан лаңкестікпен күресте табандылық көрсетіп келеді және бұл жолда үлкен құрбандыққа барған. Соңғы кездері 2 ел, яғни ресми Бейжің мен Исламабад арасындағы саяси қарым-қатынаспен қатар, экономикалық байланыс та нығайып келеді. Былтыр аспан асты елі оларға 60 млрд доллар көлемінде инвестиция құйған. Бұл қаражат инфрақұрылымдық жобаларды жетілдіруге, сонымен қатар айрықша экономикалық аймақты қалыптастыру мақсатында бөлінген. Пәкістан тарапы болса, қытайлық инвесторлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге немқұрайлы қарамай, оларды басты назарда ұстайтынын алға тартты. Ахсан Икбал, Пәкістанның ішкі істер министрі: – Қытай жұмысшыларының қауіпсіздігі басты назарда. Өйткені олар Пәкістанды көркейтуге атсалысып жатыр.

Дереккөз: 24.kz




Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.