Facebook-те қауіпті вирус тарап жатыр

26 тамыз 2017 14:45 1050 рет қаралды

Мамандар Facebook Messenger-де қауіпті вирус тарап жатқанын анықтады. Ол әлеуметтік желі қолданушыларын зиянды бағдарламаны орнатуға мәжбүрлейді екен. Бұл туралы «Касперский зертханасы» компаниясының блогында айтылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Вирус тарататындар алдымен желі қолданушыларының мәліметтер базасын бұзып, оның достарына сілтеме жібереді. Қолданушы ол сілтемені ашқан кезде видеосы бар парақшаға өтеді. Кейін браузерге байланысты жасанды сайт ашылады. Windows-те Mozilla Firefox қолданатын қолданушыларға Flash Player-ді жаңарту сылтауымен зиянды файлды жүктеу ұсынылады.

Ал Google Chrome қолданушылары үшін YouTube-ке ұқсайтын сайт көрінеді. Оны ашпақ болып бассаңыз, автоматты түрде зиянды вирус жүктеле бастайды.

Linux және MacOS операциялық жүйелерінің қолданушыларына да қауіпті вирус таралып жатыр, деп ескертті маманда

Дереккөз: Baq.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.