Финдер ауадан тамақ жасай бастады

7 тамыз 2017 10:22 1234 рет қаралды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Фин ғалымдары ауадан алынатын су мен көмірқышқылды азық болатын ақуыз түйіршіктеріне айналдыратын құрылғы ойлап тапты. Ерекше құрылғыны ойлап табушылар бұл жер бетіндегі ашаршылықпен күресуге көмегін тигізеді деп есептейді. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ жазады. 

«Тәжірибелік тұрғыдан алып қараған кезде, ауадан тұратын осы ақуыз тағамдарын жасауға болады. Болашақта біздің құрылғы  ашаршылықтан зардап шегіп отырған әлем елдерінде орналастырылуы әбден мүмкін. Оның үстіне бұл құрылғыны үйде орнатып-ақ та, қажетінше пайдалануға болады», - деді Лаппеэнранта технология университетінің (Финляндия) ғалымы Юха-Пекка Питканен.

Ғалымның сөзіне қарағанда, тамақты өндірудің мұндай әдісі дәстүрлі ауыл шаруашылығымен салыстырғанда әлде қайда жеңіл және ол үшін топырақ және басқа да дәндерді өсіру жағдайлары қажет етілмейді. «Біз ақуыздарды автоматты режимде өндіреміз, оған қандай да бір тыңайытқыштар немесе пестицидтер қолданылмайды», - деді Юха-Пекка Питканен.


Дереккөз: inform.kz 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.