Қазақстанның телекоммуникация желілерін басқаратын қызмет ҰҚК-ге берілді

2 тамыз 2017 14:08 1133 рет қаралды


Байланыс және телерадио хабар таратудағы ақпараттандыру, электронды құжаттандыру және электронды сандық қол қою саласының техникалық қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Үкімтеттің бұл қаулысы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі.нда жарияланған. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты болған "Мемлекеттік техникалық қызметі" шаруашылық жүргізу құқықығында ҰҚК-ге берілді. Енді ҰҚК бұл сала бойынша жетекшілік ететін өкілетті орган болып отыр. 

Бұл қызметтің миссиясы - Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігі және инфрақұрылымдық байланыс қауіпсіздігін қамтамассыз ету, дамыту мен қалыптастыруға септесу болып келеді.

Дереккөз: Tengrinews.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.