Алматы облысында ұшақ құлады: Екі адам қаза болды

27 шілде 2017 10:44 1453 рет қаралды


Алматы облысында Жаркенттен 10 шақырым жерде ұшақ құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2017 жылдың 27 шілдесінде Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында "Казавиа" әуе компаниясына тиесілі ЯК12 ұшағы құлады. Жаркенттен 10 шақырым жерде. 2 адам қаза болды. Авиахимиялық жұмыстар жүргiзіліп жатқан. Тергеу басталды", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитетіндегілер. 

Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов та растады. Оның айтуынша, ЯК-12 ұшағы құлап, артынша өртенген. Бортта ұшқышпен бірге тағы екі адам болған, екеуі де қаза болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz 




Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.