Энергетика министрлігі ОПЕК шешіміне қатысты пікір білдірді

26 мамыр 2017 11:46 1067 рет қаралды


Қазақстан ОПЕК пен оған мүше емес елдердің мұнай көлемін қысқарту мерзімін ұзарту туралы шешімін қолдайды. Бұл бағаның қалыпты деңгейін сақтау үшін қажет, деп мәлімдеді мнистрліктен.  

Бұдан бұрын  хабарланғандай, 25 мамыр күні картель Венада өткен кездесу кезінде әлемдегі шикізат өндірісінің деңгейін төмендетуге келіскен. Сонымен нәтижеге сәйкес, әлемде күніне өндірілетін мұнай көлемі 1,8 млн баррельге дейін қысқарады. Келісім мерзімі 2017 жылдың екінші тоқсанынан басталып, 9 айға дейін созылатын  болады. 

Ведомстводан атап өткендей, Қазақстан бұрынғыдай тәулігіне өндірілетін мұнай көлемін 20 мың баррельге дейін қысқарту міндетін орындай бердеді. Сондай-ақ, 2017 жылдың қараша айында  әлемдік мұнай нарығындағы жағдай ескеріле отырып міндеттемелер қайта қаралуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан мұнай көлемін қысқартуға қатысты ОПЕК-пен болған келісім мерзімін одан әрі ұзартуға дайын еместігін мәлімдеген. 

Министрдің сөзінше, Қазақстан қара алтын көлемін қысқарту туралы келісім аясында болады. Алайда шикізат өндірісін енді дамытып жатқан Қашаған сияқты кен орнының да мүмкіндіктері ескерілу қажет.

Дереккөз:  qazaqtimes.com 


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.