Мұндай жігіт бар ма?

3 сәуір 2017 23:48 2728 рет қаралды

Дарынды да қарапайым математик туралы «Миллион тұратын есеп» мақаласы күтпеген жерден БАҚ-тарда көшіріліп басылып, әлеуметтік желілерде пікірлер мен препосттар ағымын тудырды. Тек бірен-сарандар ғана Ақылбек есімді жас жігіттің бар болғаны «Ақ Жайықтың» 1 сәуірдегі зияны жоқ әзілі екенін аңғарған еді.

Әлеуметтік желілердің агрегаторлары өз құрбандықтарын осындай сөзбен тартқанды өте жақсы көреді, бірақ мұндайды бәрі ұнатпайды. Алайда осы жағдайда бұл жүзеге асты – біздің фейк жаңалығымыз қазнет пен әлеуметтік желілерге кеңінен таралып кетті. Препосттар тізбегін фейсбуктегі біздің оқырмандарымыз ғана емес, жаңалықтар таспасындағы әріптестеріміз де, тіпті, «Форбс.кз» секілді салмақты басылымдар да іліп әкетті. Гугл біздің жігіт туралы бірнеше ондаған, соның ішінде ресейлік және украиналық сайттарға сілтемелер береді. Айтпақшы, алғашқылардың бірі болып әрекет еткен Informburo сайты тіпті, материалды барлық 5 тілге аударып, ол шетелдіктерге қолжетімді болды. Әлдебір беймәлім автор Википедияға жаңа мақала қосты. Бірақ ең күлкілісі – мақаланы ғылыми-әйгілі порталдардың бірі көшіріп басқан.

Кейбір әріптестеріміз бір күн бұрын әзілдесе бастаған еді. Сондықтан біз де оқырмандарымыздың көңілін көтерерміз деген оймен, бұл әзілді жұма күні, 31 наурызда жұмыс күнінің аяғында сайтқа жарияладық. Өйткені, әдеттегіше көп уақыттан бері бұл күндері әзілдесетінімізбен таныс болатын.  Алайда көпшілік бұл мәтінді сол күйінде қабылдапты.

Бүкіл сенбі, жексенбі бойына, тіпті, дүйсенбіде біздің поштамыз бен телефондарымызға жергілікті газеттер мен облыстық ТД-ның, алматылық және астаналық басылымдардың редакторлары мен журналистері кейіпкердің телефонын беру өтінішімен шыға бастады. Ақылбекті өз конференцияларында немесе тіпті, жергілікті университеттердің студенті ретінде, ал телебағдарламалар өз кейіпкері... ретінде көргілері келеді. Алайда жексенбі күні yvision.kz платформасы авторларының бірі Гаврил МИЛОКУМОВ біздің мақаламыздың шын еместігін көрсететін бірнеше дәлелдерді жариялады: «1 сәуірде осы әзілді ойлап шығарғандар шынымен де данышпандар. Біріншіден, математикада сызғыш пен циркульдің көмегімен бұл есепті шығару мүмкін емес. Мұны Пьер Лоран дәлелдеген. Бұл туралы авторлар шынымен де мақалада айтқан. Екіншіден, фотосуретте бізбен көршілес мемлекет Моңғолияның өкілі бейнеленген. Бұл туралы гугл-іздеу жүйесінен сурет іздеген кезде білуге болады. Үшіншіден, келесі математикалық конгресс 2020 жылы болады. Бәріңізді 1 сәуірмен құттықтаймын, қымбатты достарым!». 

Ал алдымен біздің әзілімізге сеніп қалған ресейлік сайт кейінірек түзету беріп, тіпті, суреті қалжың мәтінге көрнекі сурет ретінде қолданылған моңғол жігіті туралы мәліметті тапқан. Ол Франкфурттегі Гете университетінің студенті әрі жас фотограф Энх ЭРХЭМ деген екен.

Бір сөзбен айтқанда, қалжыңымыз жүзеге асты. Бір өкініштісі, Ақылбекке айтылған жақсы пікірлер елімізде позитивті жаңалықтардың өте тапшылығынан туындаған. Оқырмандарымыздың бәрі бірдей қалжыңымызды түсінбеді, бұған таң қалуға болмайды: әзіл-қалжың субъективті және болжап болмайтын құбылыс. Егер біз кімде-кімнің шамына тиген болсақ, кешірім сұраймыз. Бұл жағдайда мынадай жаттығу жақсы көмектеседі: оң жақ қолыңызды жоғары көтеріп, бірден төменге лақтырып жіберіңіз де, сол жағыңызға қарап «Жоғал, сайтан!» деңіз, жеңілдеп қаларыңыз сөзсіз.

Ақылбекке келер болсақ, мұндай сценарийлер жүзеге асса, бізге бедел беретін біраз дивидендтер әкелер еді. Біз бұған қарсы емеспіз. Қазақстанда осындай дарындар көп болсын. Ал жалпы, қазақта «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген жақсы сөз бар. Алға!

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.