GGG Джейкобспен жұдырықтасқаны үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

18 наурыз 2017 11:11 2247 рет қаралды


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин америкалық Дэниел Джейкобспен жұдырықтасқаны үшін 2,5 миллион доллар алады. 

Дэниел Джейкобс та сыйақыдан құр алақан қалмайды. Оған 1,75 миллион доллар көлемінде сыйақы беріледі. 

Бұл жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы түрде (РРV) көрсететін болады. РРV жүйесі бойынша түсетін қаржының да бір мөлшері боксшыларға тиесілі. 

Сондай-ақ, кеше боксшылар айқас алдындағы соңғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Геннадий Головкин қарсыласынан 9 грамм жеңіл болып шықты. Отандасымыздың салмағы 159,6 фунт (72,39 кг) болса, Дэниел Джейкобстың салмағы 159,8 фунт (72,48 кг) болды. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасындағы жекпе-жек 19 наурыз күні таңертең өтеді. Жекпе-жекті «Қазақстан» мен «KazSport» арналары тікелей эфирден көрсететін болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.