Қазақстанның сыртқы қарызы 165 млрд доллардан асқан

13 қаңтар 2017 11:46 1151 рет қаралды

Қазақстанның сыртқы қарызы ұлғайып бара жатыр. Ұлттық банк сайтында жарияланған статистикаға қарағанда, былтырғы жылдың үшінші тоқсанындағы мәлімет бойынша, ел берешегі 165 миллиард 364 миллион долларға жеткен,- деп хабарлады 31 арна.

Еліміздегі халық саны 17 миллион 700 мың болса, жан басына шаққанда әр адамға 9343 доллардан келеді екен. Қазіргі уақытта квазимемлекеттік сектордың, яғни мемлекет қаржысына тәуелді компаниялардың өзге елдерге қарызы - 22 миллиард доллар. Ол берешектің 6 миллиард долларын "Қазақстан Даму Банкі" алған. Қалған 17 миллиард доллар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорынікі. Ондағы 60 пайыз қарыз «ҚазМұнайГаз» компаниясына, 20 пайызы «Қазақстан Темір жолына» тиесілі.

Дереккөз: 31 арна


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.