Шымкентте ломбардқа шабуыл жасалды

11 қаңтар 2017 15:57 1501 рет қаралды

Шымкентте тонаушы ломбард қызметкеріне шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ломбардқа шабуыл жасалмақшы болғаны жайлы хабарлама сағат 9.35-те келген. Полицейлер медициналық бетперде мен көзілдірік киіп алып, аң аулайтын қарумен жүрген ер адамның кассирден алтын бұйымдар мен ақша талап еткенін анықтады. Кейіннен ол әйелге оқ атып, жарақаттап, оқиға орнынан жасырынған.

Ломбард қызметкері алған оқ жарақаттарынан кейін қалалық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Бұл дерек Бірыңғай тергеу реестріне "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу" бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Күдікті іздестіріліп жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар

Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.