Сарапшылар: 2017 жыл мұнай бағасы қымбаттайды

23 желтоқсан 2016 11:32 3025 рет қаралды

2017 жылы әлемдік нарықта қара алтын бағасы барреліне 60 долларға дейін көтерілуі мүмкін,- деп хабарлады 24.kz.

Ресейлік «РИА Новости» жүргізген сауалнама нәтижесін саралаған сарапшылар осындай болжам жасап отыр. Айтуынша, алдағы жылы мұнайдың ең жоғары бағасы барреліне 70 доллар, ал ең төменгі құны 50 долларға саудаланады. Өйткені алдағы жылдары қара алтынға сұраныс артуы тиіс. Бұл бағаның көтерілуіне сеп болмақ.

Сонымен қатар бағаның тұрақтылығына экспорттаушы елдердің қара алтын өндірісін қысқартуға қатысты келісімді қаншалықты бұлжытпай орындайтынына да байланысты. Әзірге мұнай бағасы аздап өсе бастады. Нью-Йорк пен Лондондағы электронды саудада WTI маркасы 52,97 долларға, ал Brent маркасы 54,99 АҚШ долларына бағаланды.

Дереккөз; 24.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.