Тұрғын үй кезегі тұралап тұр

7 желтоқсан 2016 17:42 3350 рет қаралды

Махамбет ауданы әкімдігінде пәтер кезегінде 433 адам тұр. Баспанаға зәрулер арасында ҰОС ардагерлері, соған теңестірілгендер, жетімдер, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, жағдайы төмен отбасылар және басқалар бар. Алайда, олардың өтініштерін таяу жылдары қанағаттандыру екіталай секілді.

Себебі, еліміз тәуелсіздік алғалы 25 жыл ішінде аудан халқы үшін арнайы бірде-бір тұрғын үй тұрғызылмапты. Тек биыл ғана аудан орталығы – Махамбет поселкесінен 60 пәтерлі бір үй салына бастады. Құрылыс бюджеті 860 млн теңгені құраған. Мердігер - «Жиенбай» ЖШС бұл үйді 2017 жылы бітіруді жоспарлап отыр. Ауданда апатты жағдайда тұрған 30-ға жақын үй бар. Және 60 пәтерлі үйдің пәтер кезегінде тұрғандардың бәріне бірдей жетпейтіні айтпаса да түсінікті. Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Мәлік АМАНОВТЫҢ ақпараты бойынша, пәтер алуға өтініш берушілер қатары көбеюде. Сондықтан аудан әкімдігі ауданнан тағы екі 60 пәтерлі үйдің құрылысын салуды жоспарлап отыр.

- Қазір жобалық-сметалық құжатын жасақтап жатырмыз. Құжат сараптамадан өтіп, үйлердің құрылысына бюджеттен қаржы бөлініп жатса, келесі жылы құрылыс жұмыстары басталмақ, - деп хабарлады М. Аманов.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.