Ақжарқын Тұрлыбай: "Барлығыңызға алғыс айтамын және жақсылық болады деп сенемін"

2 қараша 2016 12:03 2457 рет қаралды

Қытайда есірткі тасымалдаумен айналысты деп айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайдан сот отырысының соңында сәл сұxбат алудың сәті түсті, деп хабарлайды 24.kz.

Ақжарқын Тұрлыбай, айыпталушы: - Маған қолдау көрсеткен жандардың барлығына рақметімді айтамын. Елшілікке, адвокаттарға, барлығыңызға рақмет. Әділеттілік орнап, бәрі де жақсы болатынына сенемін. Жақындарымнан кешірім өтінемін.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда есірткі тасымалдады деп айыпталып, өмір бойы бас бостандығынан айырылған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты бірінші сатыдағы соттың жаңа отырысы отандасымыз ұсталған Гуандун провинциясы, Гуанчжоу қаласында өтті. Сот отырысына үш сот, екі айыптаушы және А. Тұрлыбайдың Қытайдағы екі қорғаушысы мен Қазақстандағы адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов қатысты. Сонымен қатар ҚР консулдық бөлімнің басшысы Болат Сырлыбаев та бар. Сотта аудармашы болғанымен сұрақтарға Ақжарқынның өзі қытайша жауап берді. Бұған дейінгі отырыстардың барлығына қатысқан Ақжарқынның анасы бұл жолы келе алмады.

Дереккөз: 24.kz





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.