Өзбекстан: 4 партия президент сайлауына кандидат ұсынады

19 қыркүйек 2016 09:29 1261 рет қаралды

Халықтық-демократиялық партиясы Хотамжон Кетмоновтың кадидатурасын ұсынбақ. Кетмонов өткен президент сайлауына қатысып, 2,92 пайыз дауыс жинаған,- деп хабарлады Азаттық.

Азаттықтың өзбек қызметінің хабарлауынша, "Әділет" партиясы атынан Наримон Умаров, "Миллий тикланиш" ("Ұлттық жаңғыру") партиясынан Сарвар Отамурадов сайлауға түспек. Ал Өзбекстан президентінің міндетін атқарушы Шавкар Мирзяев "Либерал-демократиялық партиясы" атынан сайлауға қатысады.

Барлық кандидаттар қазанда өтетін партия сьезінде ресми түрде бекітіледі. Өзбекстанда президент сайлауы 4 желтоқсанда өтеді. Кандидаттарды тіркеу 30 қыркүйекте басталып, 20 қазанда аяқталады.

2 қыркүйекте Өзбекстан президенті Ислам Каримов инсульттан қайтыс болған соң уақытша президент міндетін атқару премьер-министр Шавкат Мирзияевке жүктелген. Конституцияға сәйкес осы лауазымды иеленуі тиіс сенат төрағасы Нигматулла Юлдашев бұл қызметті атқарудан бас тартқан.

Дереккөз: Аzattyq.org


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.