Тасмағамбетов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды

13 қыркүйек 2016 14:37 2168 рет қаралды

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалсын», - деп жазылған Президент жарлығында.

Иманғали Тасмағамбетов ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және білмі министрі қызметтерінде болды. 1999 жылдан бастап Атырау облысынң әкімі болды. 2002 жылдан бастаап ҚР премьер -министрі болды. Ал 2014 жылдың қазан айынан бастап ҚР Қорғаныс министрі қызметінде болды.

Дереккөз: Аkorda.kz





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.