Назарбаев Ислам Каримовтің рухына тағзым ету үшін Самарқандқа келді

13 қыркүйек 2016 09:08 1331 рет қаралды

Фото: akorda.kzФото: akorda.kzФото: akorda.kzФото: akorda.kzФото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға келді, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Самарқандқа Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті Ислам Каримовтің рухына тағзым ету үшін келді. Сапар аясында Ислам Каримовтің бейітіне гүл шоғын қойып, оның отбасымен жүздесіп, көңіл айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті тағы да Ислам Каримовтің өзбек мемлекетін, елдеріміздің арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға қосқан бірегей үлесін атап өтті.

– Тарихымыз, дініміз, мәдениетіміз бір болғандықтан, оның бүкіл қайраткерлігі біздің халықтарымыз арасындағы достықты нығайта түсуге қызмет етті. Осы құндылықтарды сақтай білу өте маңызды. Екіжақты кездесулер барысында да, халықаралық ұйымдар жұмысы аясында да біз кез келген мәселеге қатысты өзара тиімді шешім таба білдік. Бауырластық байланысымызды бұдан әрі де нығайта беру керек, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев екіжақты қарым-қатынастың мейлінше өзекті мәселелері, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар жөнінде пікір алмасты.

Дереккөз: Аkorda.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.