Германияда балта ұстаған ер адам пойыздың 20-дан астам жолаушысын жаралаған

19 шілде 2016 10:16 1457 рет қаралды

Германияның оңтүстігінде балта ұстаған ер адам пойыз жолаушыларына шабуыл жасап, 20-дан астам адамды жарақаттаған,- деп хабарлайды Қазақпарат.

Вюрцбург қаласында полицейлердің арнайы операциясы өтті. Оған тікұшақ жұмылдырылды. Мәліметтерге сүйенсек, шабуыл жасаған адамды полицейлер атып өлтірген, деп жазады BBC.

Немістің ДПА агенттігі кей жолаушылардың жарақаты тым ауыр екендігін мәлім еткен.

Қазіргі уақытта Вюрцбург пен Оксенфурт арасында теміржол қатынасы тоқтап тұр.

Дереккөз: Іnform.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.