Алматыда ер адам өзін өртеп жіберді

19 ақпан 2016 15:34 2086 рет қаралды

Алматыда 78 жастағы ер адам өзін өртеп жіберді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бүгін таңертең Түрксіб ауданында болған. Егде жастағы ер адам бастапқыда өзіне бензин құйып, кейін өртеген. Ер адам алған жарақатынан қаза болған.

"Оқиғаның жай-жапсары әзірше белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, бұл - суицид. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрінде тіркелді. Түрксіб аудандық ІІБ жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Дереккөз: tengrinews.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.