"Қазақ хандығы туралы фильмді қарқ қылмаған Мәдениет министрі Иса пайғамбар туралы кино түсірмекші". "Маңғыстауды жоқ босқынның дауы дүрліктірді". "Мәсімовтен басқа "менеджер" жоқ па?". "Қанқұйлы қырғын кімге керек?". "АҚШ бюджеті қалай бөлінеді?".

9 ақпан 2016 10:18 2893 рет қаралды

NUR.KZ. "Қазақстандық байлар мен кедейлердің ішетін тамағының айырмашылығы қандай?" - Алматы - тек алманың ғана емес, ақшаның да қаласы болып саналады. Себебі, еліміздегі ең үлкен салықтың төлем осы шаһардан жиылады. Сондай-ақ сырттан келетін туристер мен қатар еліміздің қалталы азаматтарының басым көпшілігі осы шаһарды тұрғындары.

"Отандық полицейлер мүгедектерге арналған тұрақты не үшін пайдаланады? (фото)" - Соңғы кездері отандық полицейлердің өздері бастап мүгедектерге ғана арналған тұраққа қызметтік көліктерін қоюы жиі көріністердің біріне айналды. Бұған куә болған тұрғындар ережені бұзып жүрген тәртіп сақшыларына аң-таң.

KORRESPONDENT.KZ. "Кәсіпкер Төлешовтің анасына қатысты ақпарат пайда болды (видео)" - Шымкенттік «сыра паштасы», ірі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің отбасына қатысты жаңа дерек пайда болды. Белгілі болғандай, оның анасы Бараш Төлешова 2014 жылы қайырымдылық жасап, Оңтүстік Қазақстандағы Қасқасу елдімекенінде үлкен мешіт салып берген.

"Қыдырәлі Болманов Жанар Айжанова екеуі арасындағы құпиямен бөлісті" - Атақты әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов Инстаграмдағы жеке парақшасында әріптесі Жанар Айжанованы туған күнімен құттықтап, ерекше лебізін білдірді. Сондай-ақ, Болманов туған күн иесіне естелік ретінде осыдан талай жыл бұрын бірге түскен ескі фотоны жариялап, өткен шақтағы естеліктерін еске алды. Тіпті кезінде Жанар екеуі гастрольдік сапарлатып жүріп, қонақ үйдің бір бөлмесінде бірге түнеп, таңға дейін кино қарағанын да айтуды ұмыт қалдырмады.

SN.KZ. "Қазақ хандығы туралы фильмді қарқ қылмаған Мәдениет министрі Иса пайғамбар туралы кино түсірмекші" - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі британдық «SUPERB FILMS CORPORATION LIMITED» кинокомпаниясымен бірігіп, Иса пайғамбар жайында екі деректі фильм және Шыңғыс хан туралы көркем фильм түсірмекші. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

"Биыл СҚО-да түскен қалың қар бірнеше ауылды су астында қалдыруы мүмкін" - Солтүстік Қазақстан облысын биылғы көктемде су шайып кету қаупі басым. Қалың жауған қар тез ерісе өңірдегі Сергеевка су қоймасындағы су көлемі 3,5 млрд текше жетуі мүмкін деп хабарлайды СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

AZATTYQ.ORG. "Моңғолия батысындағы қазақ балабақшасы" - Баян-Өлгий аймағындағы Соғақ ауылында 10 жыл бұрын еріктілер көмегімен ашылған балабақша әлі жұмыс істеп тұр. Қазір онда 120 бала бар.

"Маңғыстауды жоқ босқынның дауы дүрліктірді" - Облыс билігінің аймақта босқындар лагерін салу туралы шешімі қоғамда түрлі пікір туғызды.

"Журналист Юлия Козлованың ісі" - Алматыда оппозициялық журналист Юлия Козлованың соты басталады. Оны «есірткі сақтады» деп айыптайды. Сотталушы істің саяси астары бар деп санайды.

QAMSHY.KZ. "Мәсімовтен басқа "менеджер" жоқ па?" - Бұл дағдарыс Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бірінші дағдарыс емес. Егемендіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық қиындықтарды қосуға болатын болса, 2007 жылғы АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыстың жалғасына ұласқан тоқыраудан кейінгі үшінші қаржылық дағдарыс. Қандай дағдарыс болмасын ол ең алдымен билік органдарына, атап айтқанда Үкіметке, ондағы министрлер мен басқа да жауапты лауазым иелерінің біліктілігіне сын. Солай болып келген, болып қала да бермек.

"Шалқар ШӘРІПҰЛЫ, Қытайдағы «Шалқар» қазақ сайтының бас редакторы: Ұлт руханиятын сақтау үшін тілді ұмытпау керек" - Соңғы 5 жылда Қытайдағы қандастарымызға Қазақстанның өнері мен мәдениетінен, әдебиетінен, саяси жетістіктерінен үздіксіз ақпарат таратып, Қытай қазақтарының Атажұртпен байланысына, рухани сұранысына қызмет етіп келе жатқан «Шалқар» сайтының негізін қалаушы әрі бас редакторы Шалқар Шәріпұлы «Қамшы» ақпараттық порталына сұхбат берді.

EGEMEN.KZ. "Қанқұйлы қырғын кімге керек?" - Қазіргі уақытта оң мен солын айы­ра ал­майтын адам болуы мүмкін бе? Жоқ, дерсіз. Ал жаман мен жақсыны айыра алмайтын адамдар кездесе ме? Бұл сұраққа ойланарыңыз сөзсіз, енді. Себебі, жақсыны да, жаманды да өзінше ұғатындар көбейіп кетті. Сондықтан, әңгіменің тоқ етерін айтқанда, бейбіт жолдан тайып, қа­сірет пен қатерді төндіретін адам­дар амалын қай қатарға қо­сар едіңіз? Әрине, біз үшін ол жамандық жолы екендігі белгілі. Бірақ біреулер мұны өздеріне дұ­рыс жол деп тандайды. Әйткенмен, біреуге зорлық-зомбылық жасау, оған күштеп өз мүддесін таныту өркениетті елдерде дұрыстыққа баланбайды. Алайда, осы жолдың дұрыс емес екенін, оның бейбіт елге қатер тудырып, жамандық туғызу екенін қайтіп, қалай дәлелдеп түсіндіруге болады? Міне, біздің бүгінгі айтар ой мақсатымыз осы еді.

"Бауырластық байланыс бәсеңдемейді" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлымен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екіжақты ынты­мақ­тастықтың негізгі бағыттары, соның ішінде саяси үнқатысуды нығайту мен мәдени алмасу мәселелері, көлік, энергетика, туризм және инфрақұрылым қалыптастыру салаларындағы байланыс­тарды дамыту жайы талқыланды.

"Күрделі кезеңнің түйінді түйткілдері" - Тайваньдағы Тайвань арнаулы муниципалитетіндегі жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 23 адамға жетіп отыр. Тағы да шамамен алғанда 120-дай адам Юнкан ауданындағы құлап түскен 17 қабатты ғимараттың астында болуы мүмкін.

ZHASALASH.KZ. "Қадыров өкiлеттiгiнiң мерзiмi аяқталғанын ұмытып кетiптi" - Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өкi­леттi мерзiмiнiң бiткенiн журналистерден бiлген көрiнедi. Жаңа мерзiмге сайлауға түсу туралы Қадыров әзiрге ойланбағанын айтып, өзiнiң Инстаграмында «мұндай мәселеге көңi­лiн бөлгiсi келмейтiнiн» мәлiмдедi. Ол республика басшысына үмiткердi бiрiншi кезекте ха­лық емес, Ресей президентi таңдауы тиiс деп санайды.

"Ұлыбритания: Ресей Сирияны бөлшектеуге көмектесуде" - Ұлыбританияның сыртқы iстер министрi Ресейдiң Сириядағы мақсаттарының тазалығына тағы күмән келтiрдi. Британ сыртқы iстер министрi Филипп Хаммонд “Ресей Башар Ассадқа Сирияның солтүстiк-батысында ала­вит­тердiң шағын мемлекетiн құруға көмекте­суде", – деп мәлiмдедi.

TURKYSTAN.KZ. "Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Президенті: Оффшорларың түкке жарамай қалады" - Бүкіл жиған-терген қаражатын шекара сыртына ала қашқан қалталыларды Қазақстан экономикасын дамытуға, халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартуға, отандық өндірісті күшейтуге, салуға шақырған Елбасы 2017 жылдан бастап жалпыхалықтық кіріс пен шығысты ашық көрсету туралы декларация жарияланатынын, сол кезде заңсыз қаражатты «ақтап» алу қиынға түсетінін және ешкімнен ешнәрсені жасыру мүмкін еместігін ескертті.

ULT.KZ. "Қазақ халқының дұшпандары" - Россия мемлекетінде болып жатқан бүліншілік, жүгенсіздік біздің қазақ ішіне де кіре бастады. Болшевиктер Орынборды алғанда, 200 болшевик ғаскеріне бастық болып Жалбағаев – Жангелдин – Степнов деген шоқыншақ Орынборға келіп, болшевиктер тарапынан Торғай облысына камисар болып тұр. Бұған помошник болып Орынборда тұратын Мұхамедияр Тұнғашин деген белгіленді.

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "Діни ғұрыпта суға шомылған қазақтар" - Биыл православие христиандарының шоқыну күнінде қыстың қақаған аязында Қопа көліне барып, суға шомылған қазақтар саны көп болды. Бесін намазының алдында мешіттің ауласында бір қажы атамыз: «Мұздың бір жерін крест түрінде ойып, оған христиандар шомылса, екінші жағын кәдімгі ай пішінінде ойған көрінеді. Ол, әрине, қазақтарға арналыпты. «Мұсылмандар, сендер мынау крест болып ойылған жерге түскілерің келмесе, анау ай болып ойылған жерге түсе беріңдер. Бүгін күнәларыңнан тазаратын күн, бүгінгі судың дерттеріңе шипа болатын ерекше қасиеті бар»,– деп діннен, салт-дәстүрімізден білімі таяз бауырларымызды адастырып жатыр» деп реніш білдірді.

AIKYN.KZ. "Партиялық тізімдерді ұсыну аяқталды" - Парламент Мәжілісі сайлауының бюллетеніне атаулары кіретін партиялардың қатары күн санап өсуде.

"Кунсткамерадағы бас сүйек Кейкінікі ме?" - «Бүгінгі ұрпақ 1916 жылы болған көтеріліс туралы, оны ұйымдастырушы батырлар жайында толық біле бермейді. Осы көтерілістің даңқты қолбасшыларының бірі – атақты мерген Кейкі батыр өз елі үшін басын бәйгеге тіккендігі белгілі.

"Аралдың құпиясын кім ашады?" - Арал теңізі табанының не бір жұмбақ сызбаларға толы болуы да жұртты таңғалдырып отыр. Осыдан он шақты жыл бұрын Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ауа-райын бақылау орталығы қызметкерлері Аралды ұшақпен суретке түсіру кезінде күтпеген жайға тап болған.

"Хан Батудың қазынасы қайда?" - Тарихта аты ерекше аталатын тұлғалардың тұлғасы Шыңғысхан екені әмбеге аян. Оның жаугер төрт ұлының аттары да тарихта танымалдылығы жағынан әкелерінен кем түспейді. Соның ішінде Жошының орны бөлек. Ол туралы аз жазылған жоқ. Жошының өзгелерден (Төле, Шағатай, Үгедей) ерекшелігі оның ізін жалғастырушы, Жошы негізін қалаған Алтын орданы түпкілікті алпауыт мемлекет етіп құра білген Батудай ұлының болуында. Бату әкесі құрған «Жошы ұлысы» деген атауға ие болған қырық құрау рудан құралған көшпелі дала мемлекетін қаһарлы империяға айналдыра білді. Керегесін кеңейтті. Шаңырағын тіктеді. Ол басқарған империяның шығысы Ертіс өзенінен басталып, батысы Дунай дариясына дейінгі аралықты алып жатты. Бату әкесінен гөрі, атасы Шыңғысхандай қаһарлы еді. Халықты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстады.

ARHAR.KZ. "90-жылдардың Сноудені – бүгінде әйгілі қазақ ғалымы немесе өмірді бағалайтын қазақ баласы жайында" - Егер бұл жан мансап жолын қуғанда, онда осы сәтте «Нобель сыйлығын» бір емес, бірнеше мәрте қанжығалар еді. Егер бұл жан ақша мен байлықты адам өмірінен жоғары қойғанда, бүгінде түрлі құпия технологияларды түрлі топ өкілдеріне саудалап, әлемнің ең бай адамдарының қатарында, Форбестің ондығынан түспейтін еді. Алайда бұл жан «АҚША, МАНСАП, БАЙЛЫҚ, БИЛІК, АТАҚ» ұғымдарынан — АДАМ ӨМІРІН АРТЫҚ қойды. Сонымен бұл жан кім болды екен?

"Дауытоғлы сапарының астарында не жатыр? Түркия-Ресей достаспақ па?" - Түркия премьері А.Дауытоғлының Қазақ жеріне Түркиядағы 78 миллион 600 мың қазақтан сәлем ала келгені кеше ғана. Әлемдік деңгейдегі ұтқыр ойыншы саналатын Түркияның ірі тұлғасының Қазақстанға аяқасты келуінің астарында үлкен мән мен сыр жатқаны белгілі. Бүгінде «Түркия Қазақстанға орыс-түрік жанжалына байланысты таңдау жасауды тездетіп, қолқа сала келді» деушілер де, «геополитиканың қатысы жоқ, таза сауда-саттық әріптестігіне байланысты келді» деушілер де жетерлік. Алайда мұндай деңгейдегі сұрақтар бойынша бір елдің білдей бір прьемері келе қоймас, сапардың астарында не жатқанын сыртқы саясаттың соққан желіне қарап білуге болар. Сонымен, кезең-кезеңімен талдап көрелік.

DALANEWS.KZ. "Саят Абайды оқып ержетті" - Алты жылдан бері қамауда отырған доктор-профессор Саят Ыбырай туралы білгісі келетін жұрт көп. Жастайынан ғылым-білімге ұмтылып, небәрі 29 жасында докторлық қорғаған ғалымды түрмеден босату керек деп қоғамға үндеу тастағандардың қатары күн санап молайып келеді. Өз саласы бойынша әлемде ешкімге дес бермеген дегдар азаматтың балалық шағы қалай болды? Орысы көп ортада өскеніне қарамастан, неге Қазақ мектебінде оқыды? Оның Абайға, Шәкәрімге ынтықтығы қалай басталды? Осы сұрақтар төңірегінде ғалымның әкесі Мұрат Ыбыраевтан сұхбат алған едік.

"АҚШ бюджеті қалай бөлінеді?" - 9 ақпанда АҚШ президенті Барак Обама 2017 қаржылық жылға арналған бюджеттік ұсынысты жария етеді. Бұл – оның бюджетке қатысты Ақ үйдегі соңғы бұйрығының бірі. Бірақ, мемлекеттің әмиянындағы ақшаның қайда жұмсалатынын анықтайтын әсте Обама емес, республикашылардың бақылауындағы Конгресс. Сонда да, бізге Обаманың АҚШ бюджетін қалай жіліктегені және қай салаға бөлгені қызықты болып тұр.

"Зигмунд Фрейд. Достаевский және әке өлтіру" - Достаевскийдің көп қырлылығын төрт жақты қарауға болады: жазушы ретінде, невротик ретінде, ойшыл-этик ретінде не болмаса күнәһар – қылмыскер ретінде. Бізді үлкен тығырыққа тірейтіні – осы қиындықты қалай ажыратып, түсіндіре аламыз?



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.