"Біздің брендіміз мал шаруашылығы болғанда ешқандай дағдарысқа ұшырамас едік". "Бір аптада екі тікұшақ құлады". "ҰҚК-нің жаңа төрағасы елдегі салафиттерге соғыс аша ма?". "Еуропадағы қауіпсіздік архитектурасын бұзған басшы. Батыс Путинге неге шүйлкіті?".

28 қаңтар 2016 14:41 2195 рет қаралды

KORRESPONDENT.KZ. "Түркістан театры режиссерсыз отыр" - Аядай Түркістан мәдени ошақтардан кенде емес. Соның бірі рухани астанадағылар рухтанатын Түркістан сазды-драма театры. Қалың көпшілік «Сейтметовтің қара шаңырағы» деп атап кеткен бұл орда, естеріңізде болса, осыдан тұп-тура он бес жыл бұрын тап осы қаңтар айында өз жұмысын бастаған еді. Ең алдымен мұнда Әзірбайжан драматургі Бақтияр Вахапзаденің «Көк түріктер» атты тарихи драмасы қойылған болатын. Апта басында бір кездері елбасының өзі келіп уығын қадап беріп кеткен театрдың тынысымен таныспаққа Түркістанға жол тартқан едік.

SN.KZ. "«Қолжетімді баспанаға» қолы жетпеген халық «Өз үйіме» үміт артып отыр" - Бүгінде еліміздің әрбір азаматын баспана мәселесі алаңдатары анық. Себебі, ауылдан қалаға ағылған халықтың басым көпшілігі пәтер жалдап, жан бағып жүрген жайы бар. Сондай-ақ, жастардың арасында тапқан-таянғанын пәтер жалдауға жұмсайтындардың да қарасы көп. Олардың «мына уақытта пәтер сатып аламын» дейтін нақты жоспары да жоқ, тек арманмен ғана өмір сүріп келеді. Әйтсе де, бір қызығы, елімізде тұрғын үйге байланысты бірнеше мемлекеттік бағдарлама жүзеге асып келеді.

"«Біздің брендіміз мал шаруашылығы болғанда ешқандай дағдарысқа ұшырамас едік»" - Кезінде Қаратай Тұрысов «Біз ешқандай да Американың даңғыл жолымен, не болмаса Жапонияның жемісті жолымен де, «Азия жолбарыстарының» ізімен де жүріп бара жатқан жоқпыз» деген екен. Жалпы, бүгінгідей дағдарыс кезеңінде Қазақстанның экономикалық бағыты қандай болғаны жөн? Бұл туралы экономист ғалым Жангелді Шымшықовтың пікіріне құлақ түріп көрейік.

AZATTYQ.ORG. "Украинада село өртеген сепаратист СССР-ді мақтады" - Шығыс Украинадағы сепаратистер жетекшісі бір жыл бұрынғы соғыс кезінде биікте орналасқан ауылды өртегенін растады және оны қалпына келтіруге ұсыныс жасағандарды мақтады.

"Бір аптада екі тікұшақ құлады" - Алматы облысында жоғалған тікұшақтың апатқа ұшыраған мәлім болды. Тікұшақтағы бес адам түгел қаза тапқан.

"Экстрадициялаған ресейлік БҰҰ арқылы Астанадан өтемақы талап етті" - Ресейлік азаматты Қырғызстанға экстрадициялағаны үшін өтемақы төлеуден бас тартқан Қазақстан билігі үстінен БҰҰ-ның арнайы өкіліне шағым жолданды. Қырғызстанда оны «азаптаған».

QAMSHY.KZ. "ҰҚК-нің жаңа төрағасы елдегі салафиттерге соғыс аша ма?" - Өткен аптада мемлекет башысы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдап, лаңкестікке қарсы әрекеттерге қатысты бірқатар мәселелерді пысықтады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

"Солтүстік облыстарды қазақтандыру - ұлттық мәселе" - 1992 жылы жазған «Әйтеке би» атты еңбегінде күні кеше пәниден өткен көрнекті қаламгеріміз Әбіш КЕКІЛБАЕВ былай депті: «...Қазіргі алауыздық пен әкімгерлік ел басқару жүйесі аяққа тапталған кезде шықты. Қазақ даласында 1824 жылы хандық билік, 1868 жылы сұлтандық билік жойылды. Сол арқылы қазақ даласы дәстүрлі мемлекеттік сипатынан айырылды. ...«Анау ауылдан шыққандар шетінен сұңғыла, мынау ауылдан шыққандар шетінен миғұла» деп бірін-бірі көзге шұқитын әдет пайда болды. ...адамды қойып рулы елді жөргектен қағынған қып көрсетуге машықтана бастадық. баршамыздың басымызға түсіп, баршамыз әлі арылып болмаған отаршылық зауалының өзін бір-біріміздің бетімізге шіркеу салу үшін тілге тиек ететіндер бар. Отаршылық – тек біздің ғана емес, адамзаттың көбінің басына түскен тақсірет. Одан құтылу үшін ортақ жолындағы ынтымақ керек. Ондай ынтымақ әрқайсымыздың көкейтесті мүддемізді бірдей еліп, бірдей ескеру жолымен орнайды. Төле, Қазыбек, Әйтеке есімдерінің әлі күнге ауыздан түспейтіні де сондықтан. Олар замандастарына сүйек сындырысып, жаға жыртысуды емес, бірі жең, бірі жаға, бірі іні, бірі аға болуды, өзара теңдік арқылы елдікке, елдік арқылы өзгелермен теңдікке жетуді үйретті. Біздер бүгінгі тәуелсіздік заманына жеткенге дейінгі бабаларымыздың ғасырлар бойы өз халқының тағдырын ойлап, сол жолда талай мәуесі қырқылғанымен, тамыры үзілмеген азатшыл рухымызға қарыздармыз.»

ALMATY-AKSHAMY.KZ. "Тарқамайтын теле-той" - Теңге құлдырап, дағдарыс меңдеген әрі-сәрі уақытта ел-жұрттың еңсесін тіктеп, жабырқау жанын жұбатуды мақсат тұта ма, әйтеуір, көгілдір экран сауық-сайран бағытына біржола бет бұрды.

ABAI.KZ. "Жынды адам жазбалары" - 1881-1936 жылдары өмір сүрген қытай жазушысы, ақын, аудармашы, қоғамдық қайраткер. XX ғасырдың бірінші жартысында Қытай әдебиеті мен қоғамдық – саяси ойының дамуына қомақты үлес қосқан, қазіргі қытай әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.

"Қарызға батқан Қазақстан экономикасы дефолтқа ұшырайды" - Қазақстанның өзге мемлекеттерге қарызы өткен жылдың қорытынды есебі бойынша 197,1 миллиард долларды құрады. Бұл туралы «Абай-ақпарат» ҚазТАГ-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды. Аталмыш агенттіктің жолдаған сауалына ұйқысы тыныш Ұлттық банктің берген жауабының ауаны осыған сайған.

EGEMEN.KZ. "Ақ үйдің алдында – отыз жыл" - АҚШ-тың Вашингтондағы Ақ үйдің алдында 30 жылдан астам уақытын пикетте тұрумен өткізген әйел қайтыс болды. Ол осы жылдардың бәрінде биліктен бейбітшілік үшін күрес пен ядролық қарусыздануды талап етіп келіпті. Washington Post газетінің мәліметінше, Кончита Пиччотто есімді бұл әйел дүйсенбі күні бақилыққа аттанған. Бірақ оның нақты жасын ешкім білмейді, тек 80-нің маңайында екені ғана айтылып отыр.

"Бір апта өтті. Атқарылған жұмыстың ауқымы қандай?" - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық ТҰРҒАНҚҰЛОВПЕН әңгіме.

QAZAQUNI.KZ. "Бауыржан Ибрагимов қонақ үй қызметкерінен кешірім сұрап, гүл ұсынды (видео)" - “Жаңылмайтын жақ,сүрінбейтін тұяқ болмайды. Өз қателігін мойындау да ерлік! Ашу дұшпан ақыл дос, ақылыңа ақыл қос дейді қазекем. Ақылға салып ашумен келген ағаттығын мойындап Бауыржан бауырымыз қонақ үйдегі орын алған жағдайға байланысты қыздан кешірім сұрап гүл ұсынды. – деп жазады Ұлан Нүсіпәлиев өзінің фейзбук парақшасында. “Қонақ үй басшылығы да өз тарапынан кешірім сұрады. Жақсымызды асырып, жаманымызды жасырған елміз ғой? Желіге жақсы дүниелерді жариялайықшы?!"- дейді Бауыржан Ибрагимовтың әріптесі.

TURKYSTAN.KZ. "Түркіменстан мен Ресей арасындағы газ мәселесінде келіспеушіліктің түпкі себебі не?" - Биылғы жылдың басында Ресей ақпарат агенттіктері әлемнің 20 еліне газ тасымалдаумен және Орталық Азия елдерінен газ сатып алумен шұғылданатын ООО «Газпром-Экспорт» компаниясының дерегіне сүйене отырып, биыл Ресейдің Түркіменстаннан газ сатып алуды тоқтататыны жайында ақпарат таратты. Арада көп уақыт өтпей жатып ресейлік агенттіктер осы мәселеге қатысты тағы бір мәлімдеме таратты: «Газпром-Экспорт» енді Өзбекстаннан газ алу жөнінде келісім жасалғаны туралы мәлімдеме жасапты».

"Кедей бай болсам дейді, бай құдай болсам дейді" - Жылма-жыл Швейцарияның Давос қаласына әлемдік мемлекет басшылары мен ықпалды саясаткерлерді, атақты кәсіпкерлерді шақырып, ғаламдық мәселелерді талқылаудағы мақсат не? Жалпыға ортақ шешім, адамзаттық бақытқа жетудің жолын табу ма? Әлде әлемдік саяси аренада кімнің күші басым, кімнің бәсі артық екенін көрсететін жиын ба бұл? Бәлкім, әлемдік байлықтың басым бөлігін уысында ұстаған ауқаттылардың қара табан тобырдан оқшау орында бас қосып, байлық пен билікті одан әрі арттырудың амалдарын ақылдасудың мүмкіндігі болар? Мұның бәрі де қисынды. Себебі Давостағы экономикалық жиынның ғаламдық саяси-экономикалық дамуға айтарлықтай тигізген пайдасы туралы ақпарат айтылмайды. Керісінше, жылдан-жылға жиынның тиімділік коэфиценті түсіп бара жатқандай. Бәлкім, сырт қараған бізге солай көрінетін шығар. Тау шаңғысы курортында сейіл құрып, Швейцарияның саф ауасын рахатана жұтқан ауқаттылар үшін бұл жиын қауырт жұмыс арасындағы демалыстан кем емес, сірә.

"Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің тауар айналымы төмендеп кетті. Неге?" - «Еуразия әлемі» пікір-сайыс клубының қатысушылары бұл жолы «Интеграциялық әлеует және мұндағы Қазақстанның мүмкіндігі» атты тақырыпты талқыға салды.

"Серке бастаған әскер" - Әлемде талай қызық бар. Ал Британ әскерінің өз серкесі бар. Ауыспалы емес, тура мағынасында. Лливелин атты серке осы аптада қатардағы жауынгер ретінде Британ корольдік әскерінің құрамына қабылданды.

ULT.KZ. "Еуропадағы қауіпсіздік архитектурасын бұзған басшы. Батыс Путинге неге шүйлкіті?" - Соңғы күндері Ресей билігіне Батыс тарапынан екі зор соққы жасалды. Біріншісі, Лондонның жоғары соты президент Владимир Путинді «адам өлтіруге тапсырыс беруі мүмкін жанама күдікті» деп жариялады. Екіншісі, АҚШ-тың қаржы министрлігі Путинді «мемлекет тетіктерін пайдаланып заңсыз байыған жемқор» деп атады.

"Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ татар тіліндегі мақаласы табылды" - Ахмет Байтұрсынұлының татар тіліндегі мақаласы табылды. Бұл сүйінші хабарды «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі етжеңді санында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жантас Жақыпов баяндаған.





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.