"«Заңсыз» материалдарды енді сот шешімінсіз бұғаттай алады". "Иранның санкциядан босауы Жібек жолын «тірілтеді»". "Мәжіліс сайлауынан кейін кейін үкімет тізгінін кім ұстайды?". "Сайлаубек сайлауға түсетін болды". "Саяси тапсырыс орындалды".

26 қаңтар 2016 10:33 2859 рет қаралды

KORRESPONDENT.KZ. "Көкірекбаев мырза, бірнеше адамның «басын алумен» іс бітті ме?" - Махаббат іздеп мауыққандарға 2015 жылдың көктемі төтенше «тәтті» болып келгенге ұқсайды. Жыл сайын қаңтар мен ақпанның аязында «жемісін» бере бастайтынын байқайтын едік, бірақ биылғы «мол өнімнің» жойқын қатігездікпен көзі жойылып жатқаны жаға ұстатып отыр.

AZATTYQ.ORG. "«Заңсыз» материалдарды енді сот шешімінсіз бұғаттай алады" - Инвестициялар және даму министрлігі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «интернеттегі заңға қайшы материалдар сот шешімінсіз бұғатталып жатқанын» хабарлады.

"Қазақстанның №1 өнерпазы" - Қазақстан президентінің ресми сайты Нұрсұлтан Назарбаевты бірнеше әннің «авторы» ретінде жарнамалап жүр. Назарбаевтың әнге сөз жазатыны да белгілі.

"Таршылықтан мүгедек баланың оқуы қиындады" - Теміртау қаласында ерекше көмекке мұқтаж балалар әлеуметтік бейімдеу мен мектепке дейінгі мекемеде білім алу мүмкіндігінен тағы айырылды. Бұл мәселе тұрмысы нашар отбасыларға қиын тиген.

"Иранның санкциядан босауы Жібек жолын «тірілтеді»" - Экономикалық санкциялардан босаған Иран әлемдік саудаға қайта араласты. Бұл өзгерістен ұтатындар да, ұтылатындар да бар. ОА-ға ежелгі Жібек жолын жандандыратын мүмкіндік туды.

DEGDAR.KZ. "СУИЦИДТІҢ ӨРШУІ – ҚОҒАМҒА КЕЛГЕН ҚАТЕР және оның алдын алу шаралары кезек күттірмейді" - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, Қазақстан суицидтің саны жағынан үшінші орын алады. Әсіресе, елімізде жастар арасындағы өзін-өзі өлтіру оқиғалары кез-келген басқа елден үш есе көп дейді осы ұйымның сарапшылары. Бірақ, отандық ресми статистика мұндай мәліметтерді жарияламайтыны белгілі. Бүгінгі күні бұл қауіпті феномен қорқынышты деңгейіне жетті, өкінішке орай, суицидке баратындардың көпшілігі 18-ге толмаған жастар. Бұл деректердің ар жағында қаншама адам тағдыры, отбасы қайғысы, елдің болашағы сияқты мәселелер тұр. Сондықтан да осындай теріс оқиғалардың себептерін зерттеп, салдарының алдын алу міндеті күн тәртібінен түспей келеді.

KAZQAZETA.KZ. "Еуропалық саяхатшы Джон Кэстлдың 1736 жылы Әбілхайыр Хан ордасына сапары және естеліктері мен суреттері" - Ағылшын шеше мен неміс әкеден туған саяхатшы және суретші Джон Кэстль 1734 жылы Ресей патшалығы ұйымдастырған Орынбор экспедициясының құрамында Орталық Азияға сапар шегіп екі жыл сонда болды. Осы сапары барысында ол 1736 жылы Кіші жүз қазақтарының ханы Әбілхайыр Ханның ордасында болып ресейліктердің атынан онымен келіссөздер жүргізді.

ANATILT.KZ. "Мұхтар Мағауин:«Мені жазушылық еңбекке жетелеген – 32-жылғы азап»" - Көркем әдебиеттің бір ерекшелігі оның орбаздылығында. Жазушы тек образдар сомдап, образдар арқылы өмірдегі бір, не жүздеген, мыңдаған адамдардың тұлға, келбеті мен рухын рухани тұрғыда қайта жаңғыртып, қызу өмірдің, қоғамдық жүйедегі небір қарбалас істердің, не тарихтың терең қойнауларына қарай бағыт түзей алады.

URKER.KZ. "Қазақ эстрадасының «сөзі» қашан түзеледі?" - Бүгінгі әңгіме сандық жағынан өскенмен, сапалық биікке көтеріле алмай отырған қазақ эстрадасы туралы болмақ. Қазіргі қазақ эстрадасы елдің сұранысын қанағаттандырып отыр ма? Әншілердің ән таңдаудағы талғамы қандай деңгейде? Шама-шарқымызша осы сұрақтарға жауап беріп көрсек…

"ҚАҺАРМАН ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВТІҢ СОҢҒЫ ХАТЫ" - "Иә, мен сіздерден еш жасырмаймын, мен 18 желтоқсан 1986 жылы алаңға бардым, көпшілікпен бірге. Барғанда да Қонаевтың күйін күйттеп барған жоқпын. Тек қана, ол жерге барған себебім, бар мақсатым, біріншіден, ол жерде не болып, не істеп, не қойып жатқанын өз көзіммен көру болды. Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғып, өлтіріп жатыр, дегенді елден естіген соң, өз басым қолымды жайып «күл болмасаң, тұл бол» деп отыруға еркектік ар-намысым еш жетпеді. Ер қатарында ер қара боп, саны бар сапасы жоқ боп, ербеңдеп жүрген намыссыз еркек мен емеспін, құдайға шүкіршілік, менің де көркейген кеудемде нағыз ерге лайық «намыс» баршылық.
Оның үстіне «қыздың жолы жіңішке» деген. Менің түсінігімше, әйел адамға ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдардың, хайуандардың еркегі де ұрғашысына мүйіз, я болмаса тұяғын көтермейді. Ал, біз бәріміз де аң емес, адамзаттың ұлы – адамбыз, сондықтан ер адам әйел затына қол көтеріп, қол жұмсауға тиіс емес, әуелі еш правосы жоқ. Міне, қысқаша айтқанда, осындай түсінікпен, әйел затына ер болып өз қол ұшымды беріп, көмектесуге, оларды арашалап – қорғау үшін барғаным рас. Сол жерде қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім де рас. Ол үшін әлі күнге дейін, еш өкінбеймін, керісінше, үлкен мақтаныш тұтамын. Бірақ та, бір құдай өзі куә, адам баласын өлтіргенім жоқ. Мұндай айуандық жасаудың өзі, сормаңдай менің қолымнан келмейді. Еш уақытта, ешқашанда…"

QAMSHY.KZ. "МӘЖІЛІС САЙЛАУЫНАН КЕЙІН ҮКІМЕТ ТІЗГІНІН КІМ ҰСТАЙДЫ?" - Қолданыстағы Конституцияға сәйкес, атап айтқанда, 44-баптың 3-тармағына сай, Президент жаңа сайланған Мәжіліске жаңа Премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады. Конституция 70-бабы 2-тармағына сай, Премьер-министр жаңа Мәжіліс алдына Үкіметке сенім білдіру мәселесін қояды. Яғни, қалай болғанда да парламент сайлауынан соң Үкіметті де жаңарту мәселесі туындайды. Оның үстіне Президент сайлауынан кейін отставкаға кетіп, қайта құрамдалуы тиіс министрлер кабинеті өткен жылдың көктемінде де осы құрамында қалған еді. Президент ол кезде де Мәсімов кабинетіне сенім білдіріп, Үкіметті отставкаға жібермеген болатын. Осындай бірнеше себептерге байланысты алдағы жаңару мерекесі саналатын Наурыз мейрамында Үкіметіміздің де жаңарып қалуы мүмкін.

"ҮКІМЕТ АЛАШОРДАСЫЗ-АҚ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» БОЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ" - Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның биыл аталып өтілетін 150 жылдық мерейтойы жөнінде Үкіметке қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар тарапынан сауал жолдаған болатын. Күні кеше осы мәселені көтеріп жүрген «ақ жолдықтардың» депутаттық сауалына Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов жауап берді. Жауап берді деп өз өзімізді алдағанымыз болмаса, Үкімет мерейтойға байланысты ештеңе жасамайтынын ашық айтып отыр. Ащы да болса айтайық, Үкімет Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына 1 тиында бөлмейтінін мәлімдеді.

ABAI.KZ. "ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТҰҢҒЫШ БАСШЫСЫ" - 2015 жылғы 2-18 қарашада Парижде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының оқу, ғылым және мәдениет жөніндегі мамандандырылған мекемесі Бас конференциясының 38-ші сессиясы мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына арналған мерекелік іс-шараларға қатысатыны жайында шешім қабылдады. Сонымен, қазақтың ардақты перзенті, «Алаш-Орда» Халық Кеңесінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы биыл ЮНЕСКО аясында атап өтіледі. Алаш қозғалысы серкесін ұлықтау үстіміздегі жылы осынау беделді халықаралық ұйымның қатысуымен өткізілетініне айрықша қанағаттанғандық сезіммен оның өмірі мен қызметі жайында жазылған төмендегі мақаланы оқырман назарына ұсынамыз.

"САЙЛАУБЕК САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН БОЛДЫ" - Билік пен қоғамға тосын ұсыныстар жасап, «топ жарып» жүрген Қазақстан Мұсылмандары қауымдастығының төрағасы Мұрат Телебеков түсініксіз тілде рэп айтумен аты шыққан МС Сайлаубекті алдағы сайлауға түсуге шақырып, мәлімдеме жасаған болатын. Телебековтың «тентектеу» мәлімдемесін әлеуметтік желілерде отырған жұрт біржақты қабылдағанымен оның астарынан күлкі, әжуа аулағандар да табылып жатыр. Кім не десе де МС-дің ҚР азаматы ретінде сайлауға өз кандидатурасын ұсынуға, дауыс беруге қақысы бар. Расында, солай болып шықты. Рэпердің продюсері бізбен сұхбатында сайлау додасына Сайлаубектің түсетіні туралы ағынан жарылып айтып берді.

"ҚЫТАЙЛАР ЕРКЕКТІ ҚАЛАЙ "ПІШТІРЕДІ"? НЕМЕСЕ ТАЗАЛЫҚ ПЕН ЕРКЕК "ПІШУ" ХИКАЯСЫ" - «Досты пайғамбар, көршіні құдай қосады» деуші еді халық даналығы. Иә, құдай құсқан соң оған еш шараң да, амал-айлаң да жоқ , тек, тату-тәтті барыс-келіс, алыс-беріс жасап осынау дүрбелең дүниенің тыныш күйін сақтап қана саналы ғұмырыңды салиқалы өткізу үшін, көршіңнің қас-қабағын бағып қалбаңдап сабыласын да баяғы.

EGEMEN.KZ. "Босқындар проблемасы: қилы-қилы көзқарастар" - Мигранттар проблемасын шешу үшін Германия Түркияға жасалынатын қаржы көмегінің көлемін 36 миллион еуродан 50 миллион еуроға дейін арттыратын болады, деп хабарлады журналистерге ГФР экономикалық ынтымақтастық және даму министрі Герд Мюллер.

QAZAQUNI.KZ. "“ВЕРТЕР СИНДРОМЫ" ЖАМАНДЫҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРА БЕРЕДІ…" - Нәрестелердің ойдан-қырдан, қоқыс арасы, әжетханадан көп табылуына қатысты айтарым бар еді. Социология ғылымында “Вертер синдромы" (Sindromul werther) деген бар. Бұл синдром бойынша, бір рет жасалған жауыздық актісі ақпарат құралдарынан кеңінен айтылып, жазылып, көрсетіле берсе, бұл қаніпезер әрекет домино әдісімен елдің әр қиырынан қылаң беріп, ұласпалыға айналады. Мәселен, өзіне-өзі қол салу әрекеті.

ZHASALASH.KZ. "Саяси тапсырыс орындалды" - Жұма күнi жарыссөздi едел-жедел өткiзiп жiберген судья Марал Жарылғасова сол күнi кешке азаматтық белсендiлер Ермек Нарымбаев пен Серiкжан Мәмбетәлинге қатысты сот үкiмiн оқыды. Алмалы аудандық соты С.Мәмбетәлиндi екi, ал Е. Нарымбаевты үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кестi. Сондай-ақ сот үкiмi бойынша, екi белсендi де түрмеден босап шыққаннан кейiнгi бес жыл мерзiмде саяси-қоғамдық қызметпен айналыса алмайды.

"Алақандай Сингапур" - 1867 жылдан Британ империясының отарына айналған Сингапурды кезiнде ағылшындар теңiз саудасының тоғысында орналасқан iрi теңiз айлағы және Азиядағы әскери бекiнiсi ретiнде пайдаланып келдi. 1959 жылы өзiн басқару құқығына ие болғанда шағын аралдағы мемлекеттiң әскерi де жоқ едi. Елдiң жалпы iшкi өнiмi жан басына шаққанда бар-жоғы 400 доллардан айналған. Империядан мұраға теңiз айлағы мен әскери база жұрнақтары ғана қалды. Тұрғындарының басым бөлiгi теңiзден аулаған балығын сатумен күн көрдi.

"Ақтөбе неге дүрлiктi?" - Өткен аптаның соңында жергi­лiктi “Ақтөбе-таймс" басылымы “СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ бас директорының (21.08.2015 ж.) компания қызметкерлерiнiң қытай тiлiне жетiктiгiн тексеру туралы бұй­рығына қатысты мақала жариялаған. Оның арты бiраз шуға ұлас­ты. Ал қаңтардың 13-iнде бас директор Ван Цзэнъжэнънiң ұжым алдында жылдық есеп беруiне қатысқан облыс әкiмi Бердiбек Сапарбаев ұжымды өзектi мәселелердi ашық айтуға шақырғанда, сол жолы қысқарту мен қытай тiлiне қатысты ештеңе айтылмаған. Бұл жолы меморандумға қол қойылып, еңбек­кер­лердi қысқартпау мен жалақыны 10 пайызға өсiру келiсiлдi. Арада апта өткенде, компанияның iшкi құжаттарының бiрi болып саналатын бас директордың жарты жыл бұрынғы бұйрығы жарияланды. Мұнда компания қаржысы есебiнен Қытайда оқып, компанияға оралған студенттердi қытай тiлiн меңгеру деңгейiн тексеретiн комиссия талқысына салатыны, тiлдiк дең­гейi анықталған соң барып, компанияға қызметке алынғандардың еңбекақысына үстемеақы қосылатыны анық жа­зыл­ған. Осы жерде бас директордың жарты жыл бұ­рын қол қойған бұй­рығының дәл қазiр жариялануы ойланарлық жағдай.

ULT.KZ. "ЕСЕЙ ЖЕҢІСҰЛЫ. ҚҰНСЫЗДЫҚТАР ҒАСЫРЫ" - Біз өмірге келгелі қырық жылға жуықтады. Аз да емес, көп те емес. Аз дейін десек, інілер аға деп алдына тартады, көп дейін десең, көңіл жас, шүкір, алдағы үлкендер де баршылық. Бірақ өмір бізді бәрібір күн сайын, жыл сайын түрлі шектерден аттатып, бұрын оңай болған нәрсенің бәрін қиындатып, ең бастысы, сабыр мен иманға шақырып, алып келе жатыр. Осы қырық жылға жуық уақыт ішінде біз өз халқымыздың мінезінде де үлкен өзгерістер болғанын байқап, көріп, аңғарып жүрміз.

"ИШИМ «ХАЛИФАТЫ» ШАРИҒАТ ШАРТЫМЕН ҚАБЫСПАЙДЫ" - Алты жыл бұрын орын алған «Араб көктемі» атты дүлей боран бірнеше мұсылман мемлекетінің шаңырағын ортасына түсіріп, шат-шәлекейін шығарды. Базбір саясаттанушылар бұл дүрлігуді демократиялық дүмпуге балағанымен, кейбір елдерде «Араб көктемі» бақыт бүрін жарған жоқ, қайта қайғының қара түнегін орнатты. Мысалы, Сирия жерінде «Араб көктемі» алапат қырғынға ұласып, қасірет шежіресі әлі жалғасын тауып жатыр. «Араб көктемі» дүмпуі Сириядағы Асад династиясын құлата алмаған соң әлемдік алпауыт күштер көтерілісшілерді қолдап, Шам елінің ішкі ісіне араласпақ болды. Алайда, БҰҰ-ның Қауіпсіз кеңесінде Ресей мен Қытай мемлекеттері өзге әскери күштердің Сирия аумағына аяқ басуына қарсы тұрды. Осыдан кейін ИШИМ лаңкестік ұйымы тарих сахнасына шығып, Шам еліндегі билікті ауыстыру мәселесін одан сайын күрделендіре түсті.

"МҰХТАР МАҒАУИН: ҚАЗАҚ ТІЛІ «МАЗАҚ ТІЛГЕ» АЙНАЛДЫ" - «Мемлекеттік» тілдің еріксіз жағдайында тығырыққа тірелген ең басты себептердің бірі — республиканың күрделі ұлттық құрамында, оны басқару тетігінде ғана емес. «Ұлтаралық» әмбебап орыс тіліне әуелден-ақ барлық деңгейде кең өріс берілді. Мұнсыз әкімшілік жүйесінде, сырт елдермен қатынаста, тіпті, өз ішімізде аттап басу мүмкін емес-ті. Бірақ «ұлт-аралық» қатынас құралы — өткінші сыпатты, аз ба, көп пе, белгілі бір тарихи кезең, шектеулі уақытқа ғана есептелуге тиіс-ті.

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "Иранның “ауыздығы алынғаны" бақ па, сор ма?" - Ядролық бағдарламасы үшін. 1960 жылы Иран Ядролық қаруды таратпау туралы халықаралық келісімге қол қойған еді. Сәл кейінірек, «уранға қатысы бар бүкіл мекемелерімді МАГАТЭ ұйымы тексеруіне рұқсат» деген шартты да мақұлдағаны бар. Бірақ… 2000 жылдары Иран уран байытудың әлем алпауыттары белгілеп берген межесінен асып кетті. АҚШ саясаткерлері «Персия ядролық қару жасауға талпынып жатыр» деп шу көтерді.

"Солтүстік Қазақстан облысы 500 оралман отбасын қабылдауға дайын" - Астанада тұрақты өтіп келе жатқан ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингке Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов келіп, өзі басқарып отырған өңірдің хал-ахуалын сөз етті. Қарапайымдылығымен көпке ұнаған, ұлтжандылығымен талайға үлгі болған Ерік Хамзаұлы туралы көп нәрсе айтуға болады. Өз ісіне мығым, ұйымдастырушылық қабілеті ерен басшығы қызыға қарайтындар көп. Ресеймен шекаралас аймақты басқару оңай емес. Ол жердегі тұрғындардың көңілін тауып, игі іске жұмылдыра білу де үлкен өнер.

AIKYN.KZ. "Асхат МАЕМИРОВ: ВОЛОДИННІҢ КЕЙІПКЕРІ ҚАЗАҚТЫҢ ДА АРАСЫНДА ЖҮР" - Жуырда Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театр сахнасында жаңа премьераның тұсауы кесіледі. Режиссер – Асхат Маемиров. Бұған дейін Алматы жұртшылығы Асхаттың Жастар театрында қойған «Қара шекпенін» жақсы қабылдаған. «Болашақтың» түлегі театр көрермендеріне бұл жолы да тосын сый ұсынғысы келетіндей. Режиссерден біздің де білгіміз келгені осы.





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.