"Депутаттардың бестен екісі – зейнет жасындағылар". "90 жылдары елді дүрліктірген рэкетирлер кімдер?". "Еркебұлан ЕРЛЕН. Ассамблеяның кімге керегі бар?". "Күзетсіз жүрген Қонаев немесе Сәтпаевты көре алмаған басшының құпиялары".

12 қаңтар 2016 15:11 5453 рет қаралды

NUR.KZ. "Самат Смақов: Шетелдік ойыншыларсыз қазақ футболы әзірге жоғары жетістікке жете алмайды" - Қазақстанның үздік футболшысы Самат Смақов NUR.KZ-ке эксклюзивті сұхбат берді.

AZATTYQ.ORG. "Путин кеңесшісінің ұлы - «жыл банкирі»" - Ресей президенті Владимир Путиннің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Николай Патрушевтің баласы «жыл банкирі» атанды.

"Путин: Сирия президенті Асадқа баспана беруіміз мүмкін" - Ресей президенті Владимир Путин Сирия президенті Башар Асад елінен кетуге мәжбүр болса оны Ресейде паналатуы мүмкін екенін мәлімдеді деп жазады Азаттық.

"Депутаттардың бестен екісі – зейнет жасындағылар" - Төрт жыл жыл бұрын, 2012 жылы 15 қаңтарда парламент мәжілісіне сайланған депутаттардың 40 пайызы – қазір зейнет жасына жеткен адамдар. Сенат депутаттарының да осынша бөлігі 63 жастан асқан.

"Қамаудан босаған журналист айыбын «мойындады»" - Тапсырыспен «Казкоммерцбанкті» қаралайтын мақалалар жазды деп қамауға алынған Рафаэль Балгин мен оның әріптесі Махамбет Әуезов «тапсырыс орындағандарын» мойындады. Бірақ «сыбайластары» олардың мұнысын «түрмеден қорыққан адамның әрекеті» деп бағалайды.

ABAI.KZ. "Дүмбілездер дендеп барады" - Осы биыл, қаңтардың алтысы күні түс кезінде қазақ радиосы «Қас қағым» ойынын беріп жатты. Жүргізуші байланысқа шыққан тыңдарманнан: «Көксерек» киносындағы Құрмаштың рөлін сомдаған кісінің аты-жөнін айтуды сұрады. Сонда әлгі дап-дардай (даусынан аңғарасыз ) жігіт: «Шәкен Айманов» деп тұр! Әйгілі Асанәлі Әшімов досы Райымбекті жерлеп, марқұм Әшірбек Сығай екеуі Кентаудан оралып келе жатады: «Пойызға мінерде Әшірбек: «Асеке, мына жерден қауын жейікші» деді. Қауын алып, сойып, жеп жатыр едік, бір кезде жанымызға келіп автобус тоқтай қалды. Мұғалімдері мені танып, балалар жүгіріп келіп, қоршап алды. Қолдарына түскен қағаздарына қолтаңба беріп жатырмын. Бала көп. Бітетін емес. Оның үстіне досымызды жерлеп, қажып, қиналып келе жатырмыз. Бір кезде айттым: «Балалар, мына отырған кісі атақты жазушы Мұхтар Әуезов. Сол аға¬ларыңнан да алмайсыңдар ма автографты?» деп. Енді балалар «Мұхтар Әуезовке» тұра жүгірді. Әшірбек мырс-мырс күліп бірдеңелерді жазып беріп жатыр. Бір баланың ойына күдік кірсейші, Әуезов қайда, мына заман қайда, ол кісі тірі болса жасы қаншаға келуге тиіс?!

SERKE.ORG. "Мәмбеталин мен Нарымбаев қиын жағдайға тап болды" - ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 2-тармағы (алдын ала сөз байласу арқылы алауыздық тудыру) бойынша айыпталған Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевқа қатысты Алматының Алмалы аудандық сотында өтіп жатқан процесс күрделеніп кетті. Бұл сотқа айыптау қорытындысын алып келген прокурорды да, айыпталушыларды да тығырыққа тіреп отыр. Сотта жауап берген куәлердің кейбірінің түсініктемесі Мәмбеталин мен Нарымбаевқа тағылған айыпты жеңілдете түсуі мүмкін. Ал кейбір куәлердің жауабы ол екеуінің бұған дейінгі қорғанудағы басты уәжін (аргументін) тас-талқан етіп жіберді. Айыпталушылардың бір жағынан айыбы жеңілдеп, екінші тұсынан ауырлап тұр.

EGEMEN.KZ. "Президенттің жұмыс кестесі: 2015 жылдың негізгі қорытындылары" - 2015 жыл тек қана маңызды мерекелік күндерімен ғана емес, сонымен бірге, елеулі жаңа сынақтарымен де қазақстандықтардың есінде қалды. Осының бәрі Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанды әлемде болып жатқан қарышты өзгерістерге бейімдеу жөніндегі ойластырылған және жүйелі қадамдар жасауын талап етті.

"Жағдай жаңа жылда да жақсармай тұр" - Сауд Арабиясының ең ірі Saudi Aramco атты мемлекеттік мұнай компаниясының жекешелендірілетіні туралы хабар әлемдік рынокты естен тандырды, деп хабарлайды британдық The Guardian.

"Ветеринария саласы салғырттықты көтермейді" - Қазірде тарихтың қалтарысында қалып бара жатқан Кеңес өкіметі кезінде совхоздар мен колхоздардағы түрлі фермаларда 20-30 мың бас қой, мыңдаған бас сиыр, жылқы өсірілген еді. Әрбір аудандағы шаруашылықтарда, оның бөлімдерінде білікті мал дәрігерлері жұмыс істеді. Олар ел аралап жүріп малдың ауруға шалдықпауын қатты қадағалады. Бұрынғы мен қазіргі жағдайды салыстырсақ, бүгінгі күні малдың сау болуы ең алдымен сол малдың иесін алаңдатады. Кеңес өкіметі тұсында мал мемлекеттің меншігінде болды. Ал қазір мал халықтың жекеменшігінде. Ауру мал шықса, дереу бақылауға алынып, өзге өңірге тарап кетпеуі үшін ветеринарлық жұмыстар жүргізілді. Вакцина жеткілікті болды. Ал қазір бір ауданда қанша мал басы бар, соған орай ғана санаулы дәрі-дәрмек беріледі. Ал есепке енбей қалған малдың бірінен ауру шықса, не басқа жақтан келген мал болса бүкіл малға жұқтырады. Сондай-ақ, қазір малды егуге қажетті дәрі-дәрмек шығаратын мекемелер жоқтың қасы, бұрын ол әр өңірде болатын.

ZHASALASH.KZ. "Саяси тапсырыс адам өмiрiнен қымбат (видео)" - Алматыда азаматтық белсендiлер Ермек Нарымбаев пен Серiкжан Мәмбетәлиннiң үстiнен өтiп жатқан сот Қазақстан қол қойған барлық халықаралық құқықтық конвенцияларды ашықтан-ашық бұзуда. Айыпталушылардың денсаулығы нашарлап, сотқа қатыса алмайтын ауыр халде болғанына қарамастан, судья Марал Жарылғасованың көпе-көрнеу олар сотқа жеткiзiлсiн деп пәрмен беруi, адвокаттар мен қоғамдық қорғаушылардың судьяға бiлдiрген қарсылықтарын қабылдамауы, ақыр аяғы БАҚ өкiлдерiн сот залына кiргiзбей, басқа бөлмедегi мониторға телмiртiп қоюы – осының айғағы.

"«Заманың шабуылшы болса, қорғаушы болып шал»" - Бүгiнде “Ел болам десең – телеарнаңды түзе" деген сөз мәтелге айналып, өзектiлiгiн танытып тұр. Жұрт сан алуан ақпаратты электронды ақпарат құралдарынан алатын, интернеттен iздейтiн, телеарналарға көбiрек телмiретiн заман туды. Сол телеарналарымыздан көпшiлiктiң сүйiп көретiн көрсетiлiмдерiнiң бiрi – спорт хабарлары. Бiрiмiз – футболды, екiншiмiз – бокс­ты, үшiншiлерiмiз – күрестi, ендi бiреулерiмiз – мәнерлеп сырғанау мен хоккейдi немесе ауыр атлетиканы көрудi қалаймыз. Тек қазақ тiлiнде хабар тарататын “Қазақстан" мен “Kazsport" телеарналарының ашылуы, спортсүйер қауымға отандық телеарналарымыздан әлемдiк дүбiрлi додалардың, олимпиадалар мен әлем және Еуропа, Азия чемпионаттарының, түрлi халықаралық жарыстардың, елшiлiк турнирлердiң тiкелей эфирден көрсетiлiп, елiмiздiң мемлекеттiк тiлiнде ақпарат берiлiп жатуы – Тәуелсiздiк тұсындағы азды-кем жетiстiгiмiз. Көршiмiз Өзбекстан мен Әзiрбайжан сияқты телеарналарымызды жаппай ұлт тiлiнде сөйлете алмасақ та, барымызды бағалап, қазақ тiлiнде ақпарат тарататын аздаған телехабарлар сапасы мен олардың тiл мәдениетiн көтеру аса маңызды мiндет болып отыр. Телеарна тiлi мен хабарлар маз­мұны жөнiнде соңғы кезде сын көп айтылып жүр. Солардың басым көпшiлiгi мiн түзелсiн деген iзгi ниетпен айтылған орынды пiкiрлер. Оларға ден қойған ләзiм. Бiз де БАҚ тiлiне жүрдiм-бардым қарай алмайтын тiл мамандарының бiрi ретiнде осы мәселеге оқтын-оқтын соғып жүрмiз. Бұл жолы спорт комментаторларының тiлi жөнiндегi кейбiр пiкiрлерiмiздi ортаға салсақ деймiз.

"Жолдан жолға «көшкен» ел және Назарбаевтың болашағы туралы болжам" - Биылғы жыл Ақорданың белсендiлiгiмен басталды. 2 қаңтар күнi үкiмет басшысы мен президент әкiмшi­лiгiнiң жетекшiлерiн жинаған Н.Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнiнде кеңес өткiзген. Ал 6 қаңтар күнi дәл осы реформаға арналған саяси мақаласын жариялады. Бiр ескеретiн нәр­се, ол жарыққа шықпай жатып билiктiң асырауындағы БАҚ президенттiң мақаласына пiкiр жинауға әзiрлендi. Соған қарағанда, реформаны тү­сiндiруден гөрi қиындықтан түңiлген көп­тiң көңiлiн аулау маңызды болған секiлдi. Қазiр бүкiл ресми ақ­парат құралдары мақаланы майын тамызып мақтағандардың сөзiн халықтың құлағына жабыла құйып жатыр. Бiр қызығы, президенттiң “Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол" мақаласы “Егемен Қазақстанға" шыққан күнi “Республика" басылымы украиналық астролог Влад Росстың сұхбатын жариялады. Онда Қазақстанның ғана емес, Назарбаевтың да болашағына болжам жасалған.

QAMSHY.KZ. "Келімбетов кеткеннен кейін теңге 77 теңгеге құнсызданған" - Қайрат Келімбетов Ұлттық банк басшылығынан кетіп оның орнына Данияр Ақышев келерде көпшілік экс-банкирдің басына әңгір-таяқ ойнатып еді. Сыншыларың басым көпшілігі теңгенің құнсызданып, АҚШ долларының асқақтауына бір ғана Келімбетов кінәлідей жазғырған болатын. Алайда, Данияр Ақышевтың өзі АҚШ долларының шамадан тыс асқақтауына тұсау бола алмады. Бұл деген сөз ұлттық банк басшысы болып кім тағайындалса да одан ешқандай пайда жоқ екенін аңғартты.

QAZAQUNI.KZ. "Ақшаны сатып алу, сату бағасын алшақтату – халықты қанау" - Ақпаннан бастап валютаны сатып алу, сату айырмашылығы 6-7 теңге аралығында болады. Бұл туралы мәліметті Ұлттық банк өзінің ресми сайтында жариялады. Қаулыға сәйкес бұдан кейін енді АҚШ ақшасы 6 теңге, ал еуро 7 теңге алшақтықпен саудаланады.

"90 жылдары елді дүрліктірген рэкетирлер кімдер?" - «Рэкетир» сөзі қазаққа тәуелсіздік алған жылдардан бастап таныс. Біреулер үшін ол – басбұзар қылмыскер, халықты сүлікше сорған салықшы болса, кейбірі – «рэкетирді» өз заңымен ел мен жерді жаудан қорғаған нағыз азаматтар деп түсінеді, – деп хабарлайды NUR.KZ. Аты аталған жігіттердің жақындары олар туралы фотолар беру түгілі, өмірі жайлы ашып айтудан қорқады. Сондықтан да, бүгінгі мақаланы дайындауға көмектескен азаматтардың да есімі құпия болып қала бермек.

"Адвокат Байжанов: “Саят Ибраев қылмыскер емес, оның түрмеде отырғанының өзі қылмыс!"" - Ел тыныштығын қашырған уахабтардың тамыр жаюына қарсы болған Саят Ибраевқа кесілген сот үкімі қаншалықты әділ?

ALASHAINASY.KZ. "2016 жылда әлемді қандай сын-қатер күтіп тұр?" - Лаңкестердің үздіксіз шабуылы, Батыс пен Ресей арасындағы «қырғи-қабақ соғыс», мигранттардың толассыз ағыны, қытай экономикасының әлсіреуі және Еуропа одағынан Ұлыбританияның шығуы – әлем сарапшылары 2016 жылға арналған осындай саяси болжамдарымен бөлісті.

TURKYSTAN.KZ. "Таусоғарлар: аңыз ба, ақиқат па?" - Ғаламшарымызды ежелде мекен еткен алып адамдар туралы аңыз-әфсәналар көп-ақ. Әсіресе грек мифологиясында оларға ерекше көңіл бөлінген. Ежелгі грек аңызының желісіне сүйенсек, алып адамдар аспан тәңірі Уран мен жер тәңірі Геядан өрбіген көрінеді. Алпауыттар Олимп тұрғындарына қарсы шығып, құдіретті Зевс бастаған құдайлардың өздерін үрейлендіргенін, сонда алып Геракл мен жалғыз көзді дәулердің көмектесуімен ғана құдайлар жеңіске жеткенін біріміз кітаптан оқысақ, біріміз фильмнен көрдік. Грек мифологиясында «алыптар айқасы» деп аталатын бұл шайқас туралы Н. А. Куннің «Ежелгі Грекия мифтері мен аңыздарында», Махмұд Қашқаридің «Түрік сөздігі» мен В. У. Махпировтің «Имена далеких предков» шығармасында да қаузалған. Бірақ біз аңыз деп ақиқатқа балаудан қашқақтап жүрген алып адамдардың жер бетінде болғанын тарихи деректер сан рет дәлелдеді.

"Әрбір үшінші қазақстандық өзін-өзі емдегенді жөн санайды" - Биылдан бастап елімізде антибиотиктер тек дәрігерлердің тағайындауымен ғана сатылмақ. Жуырда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ақ халаттылардың рұқсатынсыз сатып алуға болатын дәрілік заттардың санын қысқарту туралы шешім қабылдады. Ведомствоның мұндай қадамға баруына халық арасында өзін-өзі емдеудің кең етек жаюы мен дәріханаларда дәрі-дәрмектің оңды-солды саудалануы себеп болды.

"Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаев ағынан жарылды" - Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Жаңа жыл алдында өтіп бара жатқан жылды қорытындылайтын, салтқа айналған баспасөз мәслихатын 24 желтоқсанда өткізді. Аздап тұмауратып қалса да, белгіленген мерзімді созған жоқ. Көкейлеріндегі сауалдарына жауап­ты өлкенің бірінші адамынан алу үшін мемлекеттік «Ала арша» резиденциясына елуден астам қыр­ғыз­с­тандық және шетелдік БАҚ-тың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, барлығы 130-дан астам адам келді. Мемлекет басшысы журналистердің сауалдарына, әдеттегідей, ашық-айқын жауап берді.

"Әлемдік саудада мұнай бағасы көтерілмейді" - Биылғы жыл әлемдік экономиканың сан құбылып, аумалы-төкпелі кезеңде өсімі шикізатқа тікелей тәуелді мемлекеттердің дамуының тежеуілдеуімен, тіпті әлемдегі алпауыт державалардың экономикалық жағынан тығырыққа тірелуімен сипатталды. Қаржылық дағдарыстың басты көрінісін әлемді жайлаған жұмыссыздық пен жаппай қысқартудан аңғаруға да болады.Бұған себеп болған басты факторлардың бірі ̶ мұнай құнының құлдырауы.

"Торғай даласынан табылған геоглифтер — жапан даланың құпиясы" - Америкалық NASA ғарыш агенттігі Торғай даласын суретке түсіріп, осы аймақтағы ерекше геоглифтердің бейнесін жариялаған болатын. Содан бері Торғай геоглифтері әлем жұртшылығының қызығушылығын туғызып келеді. Қазақ жеріндегі ең құпия мекендердің бірі – Торғай даласынан табылған тарихи геоглифтер шетелдік басылымдардың да басты тақырыбына айналып үлгерді.

RAS.KZ. "Испанияда корольдің әпкесіне қатысты сот басталды" - Испанияда корольдің әпкесі де айыпты ретінде тартылатын қаржылық алаяқтықтарға қатысты сот процесі басталғалы тұр. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. Сотталушылар орындығында барлығы 18 адам отырады. Солардың қатарында Испания королі Филипе VI-ның өзімен тете әпкесі инфанта Кристина да бар. Бұл король отбасы мүшесінің қаржылық қитұрқы әрекетіне байланысты қозғалған бірінші сот процесі болғалы отыр.

MINBER.KZ. "Амандық Батталов: Долларға тәуелді болмаудың жолдары" - 2015 жылдың соңында Алматы облысының әкімі Амандық Батталов Қаскелең қаласында орналасқан Сулейман Демирель атындағы университетке арнайы ат басын бұрып, студенттер мен оқытушы қауымның көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Ең әуелі, Алматы облысының саяси-әлеуметтік ахуалына тоқталған ол, теңгеге деген сенімділікті арттыру және дедолларизация жасаудың амалдары отандық өндірісті дамыту дегенге маңыз берді.

JAQSY.KZ. "2015. Мықтылардан кім кетті?" - Өтіп бара жатқан жылы қазақтың белгілі азаматтарынан кімдер о дүниеге аттанды? Біле және еске ала отырайық...

"Еркебұлан ЕРЛЕН. Ассамблеяның кімге керегі бар?" - «Бүгін ойламаған жерден тәрбие ісі меңгерушісі келіп, «Ассамблеяның 20 жылдығы, соған сендер шықпасаңдар болмайды»,-деп бір топ мұғалімді автобусқа тиеді де, орталық алаңға алып барды. Қолымызға жалау ұстап, өткен-кеткенге қол бұлғап тұрдық, сығандар ұқсап. Телеарналардан журналистер келіп түсірді. Содан келе жатырмын шаршап-шалдығып. Сол Ассамблеяның кімге керегі бар?»,-деді кластасым.

ULT.KZ. "Алматының жас әкімі ұлт көсемі - Әлихан Бөкейханға құрмет көрсете ала ма?" - Өткен жылдың соңында 2016 жылды ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында өтетіні туралы хабар бәрімізді бір қуантып тастаған еді. Бұл хабар жеткен күннен бастап Алаш арысына қандай сый көрсете аламыз деген ой әркімді де ойландырса керек-ті. Алдымен, Ұлт порталында Жандос Айман атты автор «Алматыдағы Фурманов көшесіне қандай атау лайық?» деген мақала жазып, «көптен бері сары майдай сақталып келе жатқан көшенің атын Әлихан Бөкейхан атына ауыстырудың орайы келді » деген ойын білдірген еді. Іле-шала бүкіл әлеуметтік желі қолданушылары Фурманов көшесін Әлихан Бөкейханның атына беру керектігін бір ауыздан қолдап шықты.

"Күзетсіз жүрген Қонаев немесе Сәтпаевты көре алмаған басшының құпиялары" - Дінмұхамед Қонаев кішіпейіл басшы есебінде танылды. Ол ертеменен Коммунистік даңғыл мен Киров көшесінің (бүгінгі Абылайхан даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің) қиылысындағы үш қабатты үйден шығып, ылдидағы Үкімет үйіне қарай жайбарақат жұмысқа бара жататын. Қонаев сол үйде көп жылдар бойы тұрды, тіпті, Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы болған кезінде де, қаланың орталығында үш бөлмелі пәтері бола тұра әлгі үйде тұрды. Ал басқа үйге көшкенде Қонаев пәтерін өзінің кадрлық саясатын қатты сынап жүрген жазушы Әлжаппар Әбішевке сыйға тартып кетті.

MUNARA.KZ. "Қонаевтың қанатты сөздері" - "Нақты іспен дәлелденбеген сөзде қасиет болмайды...".

AKIKATKAZ.KZ. "Қазақстан көп дінді мемлекет ретінде қандай модель ұстану керек?" - Еліміздің экономикалық, саяси, әлеу­меттік және рухани саласындағы терең өзгерістер мен жаңалықтар дінге де үлкен қызығушылық туғызып отыр. Әсіресе, бұл қызығушылық жастардың арасында басым. Елімізде 14 пен 28 жас аралығында 4483 285 жастар бар. Бес облыста жастардың саны азаюда: Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан. Қазақстан халқы осылай қартая беретін сияқты. Жұмыс орындары көп Батыс өңірлерінде жастар саны өсуде. Атырау облысында жастар 150 мыңнан асады. Ел халқының 70,2%, ал, қазақтардың 98,3% мұсылмандар. Оның ішінде 15-19 жастағылардың 78,2%, 20-24 – 73,2%, 25-29 – 70,8%, 30-34 – 70,8%, 35-39 – 71,9% мұсылмандар. Ел халқының жасы өскен сайын дінге деген салқындығы байқалады: 40 пен 44 жас аралығындағылардың 72,6% мұ­сыл­манбыз десе, кейінгі буындарда бұл көрсеткіш азая береді, 70 жастан асқандардың тек 41,1% мұсылманбыз деген. Жастардың көбі ұлтына, тіліне, мәдениетіне қара­мастан дінді үстіртін болса да өз дүние­танымының, ұлттық болмысының негізіне айналдыруға ұм­тылады. Ал, бір­қатар жастар үшін дін әлемді және өзін танудың жалғыз жолы ғана.

"Мұстафа Шоқай шовинизм туралы" - Большевиктердің атамекеніміздегі ұлт­тық қозға­лыс­қа қарсы қолданып отырған ең залалды құралдарының бірі – бізді «ұлттық шовинизммен» айыптауы болып табылады. Өзінің ұлттық құқығын аз да болса қорғағысы келетін кез келген түркістандықты большевик узурпаторлары «шовинист», «төң­ке­ріс пен пролетариаттың сатқыны» қа­тарына жатқыза салады. Осындай түр­­кіс­­тандықтар партия мүшесі болса, партиядан аласталысымен үкім шы­ға­­рылады да, керітөңкерісшілдерге қар­сы большевиктік тәсілмен оқ атуға жаны құмар әуесқойлардың нысанасына айналады. Большевиктердің бізге таңып отырған шовинизмі не нәрсе? Енді соған келейік.

ANATILI.KZ. "Кеңестік атаулардан қашан арыламыз?" - Сеславинский деген кім? Рыбалко деген ше? Ал Кошевой туралы не білесіздер? Иә, Сеславинскийді қайдам, өмірімде естіп көрмеген адамым, ал кейінгі екеуі қателеспесем, кеңестік кезеңнің батырлары ғой деймін. Сонда дейміз ғой, осы Кеңес заманының қаһармандарын, яғни коммунисттік идеяның күрескерлерін мәңгі пір тұтып, құрмет көрсететіндей біздің қазақ үшін аса зор тұлғалар ма еді?! Соны түсіне алмадым.

JUSAN.KZ. "Нәбидолла Кикебаев: «Қазақтың қазанатын шығару – жылдардың еншісінде»" - ҚР ауылшаруашылығы ғылым академиясының академигі, республика спортының құрметті қайраткері, Қазақстан атбегілері «Қамбар Ата» қауымдастығының президенті, ғылым докторы, профессор Нәбидолла Ақанұлы Кикебаевтың есімі көпшілікке жақсы белгілі. Қырық жылға жуық уақыт бойы еліміздің жылқы шаруашылығын дамытуға сүбелі үлес қосқан көрнекті ғалыммен біздің тілшіміз сұқбаттасып қайтқан еді.

"Міржақып Дулатұлының аманаты" - Алты алашқа аян, 1916 жылғы 25 маусым жарлығы әлегінен Жетісу облысындағы қырғыз-қазақтың басына қиямет-қайым күндер туды. Жігіт бермейміз деп қарсылық қылғаны үшін оққа ұшып, қаншасы өз жерінде бір қырғын көрді. Басшы адамдары дарға асылды. Рахымсыз хұкіметтің қарулы ғаскеріне қарсы тұра алмай, көбі Қытай жеріне босты.

DALANEWS.KZ. "Фетхуллаһ Гүлен. Өркениеттер арасында қақтығыс бар ма?" - ИШИМ сынды басқа да лаңкестік топтардың бүкіл әлемге көрсетіп отырған жабайы, мәдениетсіз қылықтары туралы сөз ету оңай емес. Бұл топтар өздерінің азғындаған және адасқан идеологияларымен дін атын жамылып лаңкестік әрекет жасауы бір жарым миллиард мұсылман қауыммен бірге мені де жаралады. Осы себептен мұсылман ретінде басты міндетіміз — адамзатты лаңкестіктен құтқару үшін бар күш-жігерімізді салып жұмыс істеу және дініміздің нұрлы келбетіне жағылған күйеден тазарту үшін қызмет ету.





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.