​Атыраулық су добы командасы - ел чемпионы!

24 желтоқсан 2015 00:00 1492 рет қаралды

Image 1Орталық жүзу бассейнінде 2002 ж.т. ер балалар арасында су добынан ел чемпионатының үшінші финалдық туры аяқталды. Ол атыраулық спортшылар үшін жеңісті тур болды.

Финалдық турға Атырау, Қарағанды, Орал, Тараз және Астана қаласынан екі команда қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша жеңіс тұғырына Атырау мен Қарағанды таласты. Финалдық, алма-кезек шабуылдарға ұласқан, таразы басы екі жаққа кезек алмасып, өте тартысты өткен матчта алаң иелері 14:12 есебімен басым түсті. Атырау – чемпион!

Image 0- Су добы Қазақстанның 7 қаласында – Астана, Тараз, Қарағанды, Орал, Өскемен, Ақтөбе, міне, енді Атырауда жақсы дамып келе жатыр. Жарыстардан жас спортшылардың тәжірибе жинап, өсіп келе жатқанының куәгері болып отырмыз, - дейді су добынан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Дамир ТЕМІРХАНОВ. – Атырау командасы, балалардың тек екі жарым жылдан бері дайындалып жүргеніне қарамастан, финалдық турдан еш жеңіліссіз өтті. Чемпион болуларыңызбен құттықтаймын! Жалпы, Қазақстанда су добына деген қызығушылық жоғары. Қазір ұлттық құрамамыз Азия чемпионатына қатысып, Олимпиадалық ойындар жолдамасын сарапқа салып жатыр. Спортта жоғары деңгейге жету үшін негіз керек: біз еліміздің барлық өңірлерінде су добы секцияларын ашуды жоспарлап отырмыз.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.