Қырғызстан: лаңкестер қашқан тергеу абақтысының бұрынғы бастығы асылып өлді

20 қараша 2015 10:19 748 рет қаралды

Бүгін таңертең тергеу абақтысында тұтқында отырған 50-Тергеу изоляторының экс-бастығы өзіне өзі қол жұмсады.

Мемлекеттік жазалардың орындалуын қадағалау қызметінің хабарлауынша, Иманқұл Телтаев тергеу изоляторының медициналық-санитарлық бөлімінде асылып қалған. Экс-бастықтың мәйітін кезекші бірінші болып көрген. Естеріңізге сала кетсек, Телтаев 1-Тергеу абақтысына 11 қарашада қамалды. Ол денсаулығына шағымдана берген соң, таяуда санитарлық бөлімге жатқызылған. Экс-бастық палатада бір өзі жатқан.

Дереккөз/фото: 24.kz




Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.