«Атырау» қонақтарды ренжітпеді

28 қыркүйек 2015 12:14 1135 рет қаралды

26 қыркүйекте «Мұнайшы» стадионында футболдан ел чемпионатының 27-туры аясында «Атырау» шымкенттік «Ордабасынан» 1:3 есебімен ұтылып қалды.

Матчтағы есепті алаң иелері ашты. 16 минутта жартылай қорғаушы Владимир АРЖАНОВ көзге түсті. Алайда ойынды күшейтіп, жеңіске жетудің орнына «Атырау» бірнеше гол жіберіп алды. Мүмкін футболшылар матчтың Атыраудағы Оңтүстік Қазақстан мәдениет күндері кезінде өтіп жатқанын естеріне түсірді ме екен? Қонақтарды ренжітуге болмайды ғой. 28-минутта Александр СИМЧЕВИЧ есепті теңестірсе, 35 және 60-минуттарда Эдик ЮНУЗОВИЧ дубль жасады. «Атырау» командасы енді алтылықтың ең соңында қалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.