Атырау және жаңа Жібек жолы

10 тамыз 2015 17:07 2024 рет қаралды

Image 0«Жаңа Жібек жолы. Ұлы арман» - осындай атаумен қытайлық Синьхуа ақпараттық агенттігінің журналистері командаларының авто шеруі жүріп жатыр. Осы жоба аясында олар Атырауға келіп, Орталық коммуникациялар қызметінің жергілікті филиалында баспасөз конференциясын берді.

Синьхуа – Қытайдың ірі мемлекеттік ақпараттық агенттігі. Ол 1931 жылы құрылып, бүгінде Қытай аумағында 31 тілшілік бюроға және 170 шетелдік бөлімшеге ие. Агенттіктің 2 500 меншікті тілшісі, фотографтары мен операторлары бар.

Қытайлық журналистердің пікірінше, еліміздің «Нұрлы жол» және олардың «Бір белдік – бір жол» стратегиялары ұқсас, Қазақстан олар үшін өте жақын да маңызды көрші. «Бір белдік – бір жол» - бұл Еуропа, Азия және Африканы байланыстыратын еуразиялық кеңістіктің көлік, инфрақұрылым және экономикалық интеграциясы бойынша қытайлық үлкен жоба. Делегацияның басшысы Тяо ШУИ ХУННЫҢ айтуынша, Қытай басшысы бұл «белдік» жобасы туралы алғаш рет 2013 жылдың қыркүйегінде «Назарбаев Университетінде» сөйлеген сөзінде ресми түрде жарияланған. Содан бері стратегияға миллиардтаған инвестиция салынды.

- Әрине, Ұлы Жібек жолы аумағындағы барлық елдердің өзіндік тарихы, сипаттары, мәдениеті бар, біздің мақсатымыз - халықтардың осы ерекшеліктерімен, елдердің экономикалық дамуымен, кәсіпорындарының қажеттіліктерімен, ұлттық дәстүрлерімен жақын танысу, - деп атап өтті Тяо Шуи Хун.

Бұл қытайлық делегацияның елімізге екінші келуі. Сапар 55 күнге созылды. Қазақстан – Ресей – Грузия – Түркия – Греция – Италияны қамтыған жаңа маршрутқа олар екі ай жіберген. Атырау облысында олар «Хан ордалы Сарайшық» мемориалдық кешені мен жергілікті музейлерде болды. Авто керуеннің барысында журналистер фото және бейне түсірілімдер жүргізіп, қызықты адамдармен кездесіп, сапар соңында үлкен репортаж жасауды жоспарлап отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.