Атырауда өгей қызын зорлаған педофил қамауға алынды

4 тамыз 2015 17:35 1963 рет қаралды

Image 0Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, №2 Атырау қалалық соты 15 жастағы өгей қызын зорлаған қала маңындағы поселкелердің бірінің 34 жастағы тұрғынына қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын алды.

«Оған қатысты ҚР ҚК-нің 120-бабының 3-бабының 3-тармағы («Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, 27 шілдеде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өзінің өгей қарындасын үш жыл бойына зорлап келген педофилге үкім шығарылған еді. Ол қатаң режимдегі колонияда 17 жыл жазасын өтеу мерзімін алды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.