​Омбудсменге жүгініңіз

18 маусым 2015 00:00 1512 рет қаралды

– Сақтандырудың міндетті және ерікті түрлері бойынша сақтандыру төлемдерін уақытылы жүзеге асырмағаны немесе бас тартқаны үшін сақтандыру ұйымдарының жауапкершілігі қарастырылған ба?

Телефон арқылы

Сұраққа Ұлттық банк Атырау филиалының қаржы ұйымдарын бақылау және қаржылық қызметтерді тұтынушылар құқығын қорғау бөлімінің бас маманы Шәрипа МЫРЗАҒАЛИЕВА жауап берді:

– Сақтандыру төлемдерiн уақытылы жүзеге асырмағаны үшін сақтандырушы, егер анағұрлым жоғары мөлшердегі жауапкершілік келісімшартта немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде қарастырылмаса, ӘҚтК-тің (әрі қарай - Кодекс) 353-бабына сәйкес жауапкершілікте болады. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына негіз Кодекстің 839-бабында, сондай-ақ, сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заң актілерімен қарастырылған. Сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешiмдi сақтандырушы қабылдайды және ол бас тартудың дәлелдi негiздерiмен жазбаша нысанда сақтанушыға хабарланады. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүргізуден бас тартуына сақтанушы сотқа шағымдануы мүмкін. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР заңына сәйкес, сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы келіспеушілікті реттеуді сақтандыру омбудсмені жүзеге асырады.

Осылайша, міндетті сақтандыру келісімшартындағы көлік құралдары қожайындарының жауапкершілігіне қатысты туындайтын мәселелерді реттеу үшін сақтанушы (зардап шегуші, сақтандырылушы, пайда көруші) сақтандыру омбудсмені Виталий ВЕРЕВКИНГЕ жүгінуге құқылы. Сақтандыру омбудсменінің қызметі туралы толық ақпаратты www.omb.kz сайтынан алуға болады немесе info1@omb.kz электронды поштасына немесе 8(727) 382-41-74, 382-37-96 телефондарына хабарласуға болады. Кеңсенің мекен-жайы: Алматы қаласы, Қайырбеков көшесі, 16-үй, 67-пәтер.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.