Аудан жаңалықтары

16 сәуір 2015 00:00 1816 рет қаралды

Image 0Қарабаулықтар жаңбыр жауғызды

Қызылқоға ауданы Қарабау ауылының үлкен-кішісі бірігіп қаржы жинап, тасаттық берді.

Ауылдың қасындағы Ойыл сайына киіз үй тігіп, дастархан жайып, ақсақалдар құран оқыды. Дұға қабыл болып, сол күні жаңбыр жауды. Ауа райын болжаушылар сәуір жаңбырлы болады деп болжайды.

***

Дәшінде - жаңа емхана

Құрманғазы ауданы Дәшін ауылында жаңа емхананың ашылу рәсімі болды.

Заманауи үлгідегі емхана құрылысын «Антейгрупп» ЖШС жүргізген.

***

«Агросервис» картоп әкелді

«Агросервис ЖШС Павлодардан 100 тонна картоп әкелді. Қазіргі кезде Құрманғазы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі оны 19 ауылдық округке таратып жатыр.

Жергілікті тұрғындар бір келісі 75 теңге болатын картоптың базардағыдан арзан екенін айтып отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.