Порошенко Коломойскийді қызметтен босатты

25 наурыз 2015 12:10 1219 рет қаралды

Петр Порошенко мен Игорь Коломойский жайлы мақала жарияланған газет көлік кабинасында жатыр. Киев, 24 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет) Петр Порошенко мен Игорь Коломойский жайлы мақала жарияланған газет көлік кабинасында жатыр. Киев, 24 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет) Украина президенті Петр Порошенко Днепропетровск облыстық мемлекеттік әкімшілік басшысы қызметінен Игорь Коломойскийді босату туралы жарлыққа қол қойған. Бұл туралы ақпарат бүгін Украина президенті сайтында жарияланды.

Ресми ақпаратта Порошенкомен кездескен Коломойскийдің қызметтен босатуды өзі сұрағаны айтылған.

Порошенко Днепропетровск аймағы Украинаның шығысындағы сенімді қорғаныс шебі болуы тиіс екендігін айтқан. «Біз бейбітшілік пен тұрақтылықты және азаматтарымыздың тыныштығын қамтамасыз етуіміз керек» деген президент.

Порошенко Днепропетровск облысы басшысының міндетін атқаруды Валентин Резниченкоға жүктеген. Ол бұған дейін Запорожье облысын басқарып келген.

Игорь Коломойскийдің өзі қызметтен кетуіне қатысты әзірше ешқандай түсінік бермеген. Өткен аптада Украина президенті Коломойскийге журналисті тілдегені үшін сөгіс жариялаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.