Алматы қаржы полициясының бұрынғы басшысы парақорлық туралы іс бойынша ұсталды

5 наурыз 2015 17:06 1594 рет қаралды

Алматы қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бұрынғы бастығы Әмірхан Аманбаев Медеу аудандық сотының шешімімен қызметтік өкілеттігін теріс пайдалдану және жалған кәсіпкерлік туралы істі тергеу аясында екі айға қамауға алынды деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Қуандық Ешімет.

Оның мәліметінше, Алматы қаласы Медеу аудандық сотына қызмет өкілеттігін теріс пайдаланғаны және жалған кәсіпкерлік жасағаны үшін Алматы қалалық ЭСЖКД-нің бұрынғы бастығы А.Т. Аманбаевты  қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы Жемқорлыққа қарсы Агенттіктің  жедел-тергеу тобының басшысының өтінішін Алматы қаласының прокурорының орынбасары қолдаған қаулысымен жүгінген.

«Соттың 2015 жылғы наурыз айының 5 күнгі қаулысымен сезікті А.Т.Аманбаевқа  қатысты 2  ай мерзімге қамауға алуға санкция берілді»,-деп хабарлады Ешімет.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.