Астрахан тас жолын қалпына келтіру жұмыстары басталады

29 қаңтар 2015 16:18 2716 рет қаралды

ҚР президенті Н.Назарбаевтың өткен жылғы жолдауында 2015 жылға жоспарланған инфрақұрылым жобаларының қатарында Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясымен шекара жолдарын қалпына келтіру туралы да айтылған болатын.

«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ филиалы директорының орынбасары Аслан ДҮЙСЕНОВТІҢ айтуынша, бүгінгі күні Инвестициялар және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті бас жобалаушы болып «“Қостанайжолжоба” Жобалау институты» ЖШС белгіленген. Институт учаскелер бойынша жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуге кірісіп кетті, қозғалыс қарқындылығы, жол бойындағы сервистік нысандар, елді мекендер, жұмыстың нақты көлемі және т.б. нақтылануда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.