«Қазақ жастары шетелге кетуге неге құмар?». «Қазақстандағы Ресей банктері тоқырауға ұшырауы мүмкін бе?». «Доллар сатып алғандар ұтылады – сарапшы». «Лукашенко мен Назарбаевтың Кремльден Киев арқылы “қашуы”». «Жаңа министрге үлкен үміт артамын».

23 желтоқсан 2014 11:26 2810 рет қаралды

ALASHAINASY.KZ    «Шенеуніктер қымбат қызметтік көліктерге неге құмар?» -Мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсап, белі ауырып таппаған ақшаны әкесінен қалған мұрадай оңды-солды шашатын шенеуніктердің әрекеті жіті қадағаланып, жазаланатын кез жеткендей.

«Қазақ жастары шетелге кетуге неге құмар?» - Отанын тастап шығып шетел асу, шылқыған байлықта өмір сүру қазір көптің арманы. Әсіресе, қазақ жастарының өзге елге ұмтылысы соңғы жылдары аса көбейіпті.

«Ресейден 1,5 млн мигранттың Қазақстанға ену қаупі басым,бұған заңмен тосқауыл қоя аламыз ба?» - Қазір Ресейде қалыптасқан ауыр экономикалық ахуалға байланысты елге нәпақа іздеп барып жатқан мигранттар Ресейден кетіп жатыр.

«Қазақстандағы Ресей банктері тоқырауға ұшырауы мүмкін бе?» - Кешелі бері Ресейдің экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев пен РФ қаржы министрі Антон Силуанов Ресейдің Орталық банкінен елдегі банктерді қолдауды, оларға қандайда бір жеңілдіктер қарастырып, қайсыбір жағдайы мүшкіл банктерді қанатының астына алуды нұсқап отыр.

«Доллар сатып алғандар ұтылады – сарапшы» - Рубль қатты құнсызданып, Ресей халқы ақша айырбас пункттерін жағалап жүр. Ал Беларусь Республикасының президенті Мәскеуден өзара есеп-айырысуда доллар мен евроны пайдалануды талап етті.

AIKYN.KZ  «Қазақстандық жұлдыздар мен олардың танымал туыстары» - Жұлдыздардың өздері көп жағдайда әнші болмаса, тағыда басқа өнермен ел көңілінде қалу үшін қыруар қаржың немесе сенімді таныс,туысың болуы шарт деп әзілдейді.

«Дамыған отыз ел туралы не білеміз?» - Еліміз кемелденген елдердің қатарына жатары анық. Бірақ Елбасының алға қойған мақсаты одан да жоғары. Яғни ғаламдағы ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу, өркениеттің алдында жүру. Бұл жолда игі қадамдар жасалып жатқаны белгілі.

AZATTYQ. ORG      «Назарбаев Украина мен Ресейді ымыраға шақырды» - Қазақстан мен Беларусь президенттерінің Украинаға сапарлары кезіндегі мәлімдемелерін кейбір сарапшылар «Ресейдің агрессияшыл саясатынан аулақ кету» деп сипаттады.

«Лукашенко мен Назарбаевтың Кремльден Киев арқылы “қашуы”» - Сарапшылар Қазақстан мен Беларусь президенттерінің Киевке сапарын «постсоветтік мемлекет басшыларының Кремльдің агрессиялық саясатынан аулақ болуға тырысуы» деп бағалайды.

«Тіл мәселесі “Еуразия” телеарнасын сотқа әкелді» - Азаматтық белсенді телеарнаны «мемлекеттік тілге қатысты талаптарды орындамай отыр» деп айыптайды. Ал БАҚ өкілі ол пікірмен келіспейді.

ABAI.KZ     «Ризашылықтың сыбағасына қанша қытай келеді?» - Қытай десе, ішкен асын жерге қоятын кешелі-бүгінгі премьер Кәрім Мәсімов Шаңхай ынтымақтастық ұйымы үкімет басшыларының Астанада өткен отырысынан кейін: «Қара қытай қаптайтын болды...» деген сыңайдың өңін өзгертіп, қазаққа «қуанышты» хабар айтты.

SERKE.ORG.  «2015 жылы сайлау бола ма?» - Белгілі журналист Розлана Таукина басқаратын «361 градус» пікірсайыс клубы келесі жылы өтуі мүмкін парламент және президент сайлауын талқылауды бастады. Клуб бұл тақырыпты талдау үшін бірнеше жиын өткізбекші.

MINBER.KZ  «Жаңа жыл: мейрам ба? экологиялық ойран ба?» - немесе қалайық, орманға ойран салмайық.

ULT.KZ  «Жаңа министрге үлкен үміт артамын» - Жазушы, филология ғылымдарының доктары, алаштанушы, «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрсын Құдакелдіұлымен Қазақстанның қорғаныс саласы турасында сұхбаттасып, азаматтық пікірін білген едік.

QAZAQUNI.KZ   «Жыл қорытындысы: Жемқорлық қылмысына барғандар шені мен лауазымына қарамастан жазалануда» - Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында биыл бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты пара алу, қызметтік өкілеттілігін теріс пайдалану, аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылғаны белгілі. Кейбірінің істері сотта әлі қаралып жатса, біреулеріне тиісті үкімдер де шығып үлгерді, сондай-ақ соңғы кезде ұсталғандарына қатысты айыптар тағылып, қамауға алынды.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.