Назарбаев Каспий саммитіне қатысу үшін Астраханьға келді

29 қыркүйек 2014 15:35 1600 рет қаралды
Нұрсұлтан Назарбаев Каспий жағалауы мемлекеттері басшыларының IV саммитіне қатысу үшін Астраханьға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саммитте келіссөздердің нәтижесі бойынша Каспий теңізінің гидрометеорология саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Каспий теңізіндегі төтенше жағдайларды ескерту және залалсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану туралы келісімге қол қойылады, Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан басшылары мәлімдеме жасайды, сонымен бірге, төртінші Каспий саммитінің ауызша коммюникесін қабылдайды.

Ақорданың баспасөз қызметінің журналистерге берген ақпаратына қарағанда, Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымы мынадай: Қазақстан БҰҰ-ның 1982 жылғы теңіз құқығы туралы конвенциясының жекелеген ережелерін Каспийге қатысты қолдануды ұсынады. 

Қазақстан жағалаудағы мемлекеттердің саяси-экономикалық мүдделерін тиімді қамтамасыз ету мақсатында, аталған құжатқа сәйкес, Каспийде аумақтық теңізді, балық аулау аймағын және ортақ су кеңістігін қалыптастыруды қалайды. 

Аумақтық теңіздің сыртқы шекарасы мемлекеттік шекарамен бірдей, оның аумағында мемлекет тәуелсіздік құқықтарына толық ие болады. 

Балық аулау аймағын бөлек санатқа айқындау ұсынылып отыр, алдымен оның ені және жағалаудағы мемлекеттермен радағы режимі келісілуі тиіс. Балық аулауға және биоресурстарды қолдануға тиісті балық аулау аймағында және балық аулаудың келісілген квотасы және кәсіпті лицензиялау негізінде ашық теңізде рұқсат етіледі. 

Саммит барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзірбайжан президентімен екіжақты кездесуі жоспарланған.

Дереккөз: tengrinews.kz

 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.