Тағылған айыбы дәлелденген жағдайда Рахат Әлиев Венада өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін- БАҚ

17 маусым 2014 14:32 1063 рет қаралды

Қазақстанда адам өлтіргені үшін және билікті зорлықпен басып алуға әрекеттенгені үшін 40 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған республика президентінің бұрынғы күйеу баласы, Венада маусымның басында ұсталған  Рахат  Әлиев Австрия заңдар бойынша кінәсі  дәлелденген жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп жазада Deutsche Welle газеті‎.
 
"Австрия заңдары бойынша Рахат  Әлиевке айыптау үкімі жағдайында 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін деп мәлімдеді оның қорғаушысы Манфред Айнедтер. Сот процесінің нәтижесіне қарамастан Айнедтер өзінің қорғалушысының Қазақстанға экстрадициялану мүмкіндігін жоққа шығарды, өйткені Австрия билігі  Рахат  Әлиевті өз отанында тәуелсіз сотпен қамтамасыз ету мүмкіндігінің жоқтығымен өз шешімдерін шығара отырып,оны  экстрадициялауға екі рет келісім бермеген", - деп жазады газет.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.