Қазақстанның мемлекеттік қарызы бес жылда екі есе көбейді

14 наурыз 2014 17:24 1180 рет қаралды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бес жылда екі есе көбейді. Қазақстанға қарыз беруші негізгі елдер - Нидерланд, Ұлыбритания және Қытай.

Ұлттық банк деректеріне сәйкес, Қазақстанның бұл елдерге қарызы 72 миллиард доллардан асқан. Осы аптаның басында Bloomberg агенттігі соңғы алты айда бүкіл әлем мемлекеттерінің қарызы 40 пайызға өскенін хабарлады.

Әлемдегі бұл тенденция Қазақстанды да айналып өтпеді. Ақпан айының соңында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) шаққанда мемлекеттік қарыз 12,8 пайызға өсіп, 4 триллион 400 миллиард теңге (28 миллиард 800 миллион доллар) болғанын мәлімдеді.

Қазақстан ұлттық банкі деректеріне сәйкес, 2013 жылдың үшінші тоқсаны қорытындылары бойынша, елдің сыртқы қарызы 148 миллиард АҚШ доллары болған.

Қазақстанның бюджет кодексіне сәйкес, алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздар мен борыштық міндеттемелердің белгілі бір мерзімге есептелген сомасы мемлекеттік қарызға жатады. Мемлекет кепілдік берген және мемлекет кепілгерлігі бойынша алынған қарыздар да бар.

Басқа сөзбен айтқанда, бұл - мелекеттік басқару органдарының (биліктің) ішкі және сыртқы нарықта пайда болған қарыздары. Соңғы бес жылда Қазақстанның мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген және мемлекеттің кепілгерлігі бойынша алынған қарыз шамамен екі есе өскен.

Дереккөз: Nur.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.