Қазақстан 2014 жылдың екінші жартыжылдығында 2,5-3 млн тонна мұнай алуды көздейді

3 наурыз 2014 15:35 1665 рет қаралды

АСТАНА, 3 нау  –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан 2014 жылдың екінші жартыжылдығында Қашаған кен орнында 2,5-3 млн тонна мұнай алуды көздейді деп мәлімдеді экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев дүйсенбіде мәжілісте  "үкімет сағатында".

"Біз осы жылдың екінші жартысында өндіру басталады деп сенеміз. Болжамды деректер бойынша, биыл  2,5 миллион тонна,  ең көбі - 3 миллион тонна мұнай өндіріледі. Алайда жобаның сараптамасы бойынша жұмыс нәтижелерінің аяқталуын және алғашқы мұнай өндіруді бастауды күтеміз",- деді Досаев.

Ол Қашаған әлемде ең күрделі мұнай өңдеу жобасы болып есептеледі, «сондықтан да капиталды қажет етеді» деп жалғастырды сөзін.

Дереккөз: newskaz.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.