Менің банкте депозитім бар. Қараша айында келісімшартта келісілген соманы жинаймын, оған қоса келісілген мерзім де жақындайды. Пәтер сатып алуды жоспарлап отырған едім, бірақ оның құны банктен алатын несие мен депозитімнің мөлшерінен асып кетеді. Мысалы, менің 3 миллион жинағым бар, оған қоса сіздің банк маған 3 миллион бере алады. Ал пәтер бағасы - 19 миллион теңге. Қалған соманы құрылыс салушы 2 жыл ішінде төлеуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда сіздерден несие ала аламын ба?
Мен банк салымшысымын. Бастапқыда пәтер алғым келді, кейін жер алуды ұйғардым. Бір туысым өзінің жерін сатып алуды ұсынған еді. Бірақ жерге уақытша мемлекеттік акт берілген. Туысым тұрақты мемлекеттік актіні жерге үй салынғаннан кейін ғана ала алады. Ал әзірге нотариус бізге алдын-ала сату-сатып алу шартын жасауды ұсынып отыр. Сату-сатып алу туралы алдын-ала жасалған осындай шарт негізінде маған несие беріле ме? Туысқаным осы жерден үй сал дейді. Ол үйді өз атына тіркеп, содан кейін оны маған ресми түрде сатпақшы. Егер менің әзірге жер телімім болмаса, үй салу үшін несие ала аламын ба?
№57 маршрут «Дина» базарынан Дамбы ауылына дейін қатынайтын ең ұзақ маршрутың бірі. Ми қайнатар ыстықтарда салқындатқышсыз, ескі автобуста сағаттап отыру жолаушыларға қиынға соғады. Бұл маршрутқа жаңа автобустар беріле ме?
Баламды 1-сыныпқа беруге өтініш бергіміз келген. Тіркеуден өтетін school.atyrau.gov.kz порталында Азаттық даңғылы бойындағы №21, 24 және 26 үйлер жоқ боп шықты.
- Коммуналдық (арендалық) пәтерлерді жекешелендірудің негізгі ережелері қандай? Қайырбек, Атырау қ.
Заңды тіркелген құжаты бар асыл тұқымды итімді жақында ит атушылар мектептің ауласынан атып кеткен. Мойнында қарғыбауы бар итті атар кезде алдымен ескерту жасауы керек емес пе?
- Көршілеріміз екі аптадан бері жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс күндері тасыр-тұсыр еткен дыбысқа шыдап бағамыз-ау, ал демалыс күндері көрші пәтерден шығатын дыбыстарға шыдау мүмкін емес. Тіпті, біз ұйықтап жатқанда жұмысарын таңғы сағат 8, 9-дан бастайды. Тыныштық сақтау ережелері бар ма?