Ақпарат

"Қазпошта" хабарлайды

Атырауда төтенше жағдай кезінде 65 жастан асқан адамдарға оқшаулау режимін сақтау ұсынылады.   Біздің зейнеткерлерімізді карантин кезеңінде қоғамдық орындарға барудан қорғау үшін, пошта қызметкерлері "Қазпошта" арқылы алатын зейнетақыны үйге жеткізу жұмысын 2 сәуірден бастады. Қазіргі уақытта телефон арқылы консультация өткізіп жатырмыз. Бұл рәсім зейнеткерлердің көп жиналатын жерлерде болуына жол бермейді. Сондықтан, сұрақ туындаған жағдайда төмендегі көрсетілген номерлерге  хабарласып біле аласыздар: Дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Қала нөмірлері: 36-71-22,  36-72-09 Ұялы нөмір: 87710884631, 87710884618, 87710884559 Не болмаса мына телеграмм чатына қосылсаңыз болады: https://t.me/joinchat/CCCtARmYHPqN6kN_8gbvDw. Біз клиенттеріміз үшін қызмет көрсету процессінің қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге тырысамыз. Бұл шешім елдегі эпидемиологиялық жағдайға және жаңа коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты. Барлық бөлімшелерімізде санитарлық шаралар күшейтілді, қызметкерлер дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілді. Клиенттерімізден пошта бөлімшелеріне маскасыз келмеуді өтінеміз.

 
6 сәуір